Қоғам

Петропавлда “Әскери мерейлі отбасы” байқауы өтті

Жұмахан Әбілбеков – №2032 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Байқау Тұңғыш Президент күніне қарсы ұйымдастырып отырмыз. Шараға 6 бірдей жанұя мүшелері қатысып отыр.

Байқаудың алғашқы “таныстыру” кезеңінде әр отбасы мүшелері жиналғандарға өздері жайлы әңгімелеп берді. Бұл сында Исиндер жанұясы керемет өнер көрсетті. Олар зал толы көрерменге көңілді бейнеролик ұсынды.

Экранда ата-ана мен балалардың күнделікті өмірі көрсетілген. Бұл жанұяның мүшелері бірге тамақ әзірлеп, табиғат аясында серуендегенді ұнататын көрінеді.

Дәулетхан Исин – байқауға қатысушы:

– Бірінші рет қатысып тұрмыз. Ұлымның аты – Жалғас. Қызымның есімі – Жадыра. Жеңістен үміттіміз.

Бұдан шара қатысушылары басқа да өнерлерін көрсетті. Келесі кезеңдерде отбасы мүшелері ән салып, би биледі. Осылайша қызықты конкурстың көркін қыздырды. “Әскери мерейлі отбасы” байқауында барлық жанұялар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Култанов Байболат