Қоғам

Тұңғыш Президент күніне арналып көрме мен дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Мәселен, мына сурет осыдан тура 27 жыл бұрын қазіргі облыстық мәслихат ғимаратының алдында түсірілген. Туындыда сол кездегі Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ХХХ облыстық партиялық есеп беру-сайлау конференциясы кезінде жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп тұр.

–  Ал, мына сурет сәл кейінірек түсіріліпті. 1990 жылы Елбасы Петропавлға Қазақстан Жоғары советі депутаттарының сайлауымен келеді. Құрметті қонақтар жергілікті тұрғындар каравай нанын ұсына қарсы алуда.

Тағы, бүгінгі көрмеде Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын досы, жерлесіміз Геннадий Зенченко жайлы стендтің де тұсауы кесілді. Мұнда Қазақстанның Еңбек Ерінің Елбасымен кездесулері кезінде түсірілген фотосуреттер, кітаптары мен құжаттары қойылыпты.

Мереке Баймұқанов – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің бөлім басшысы:

– Өңірде Қазақстанның Еңбек Ерінің Геннадий Зенченко жайлы қор құрылып отыр. Сол қордан алынған фотосуреттер, құжаттар осы стендте тұр.

Дәл осы жерде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналып “Ел тірегі – Елбасы” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен еліне сіңірген еңбегін әңгімеледі. Ал, Геннадий Зенченко болса, қызықты естелігімен бөлісті. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі басқарып отырған кәсіпорынға жасаған сапары жайлы айтып берді.

Геннадий Зенченко – “Зенченко и К” КС бас директоры:


–  Елбасы 1995 жылы біздің кәсіпорынға алғаш рет келді. Жұмысымызбен танысып, әкем екеуі қызметтік автобусқа мініп ырыс дәні себілген жерлерді аралады. Сонда екеуі жүгері өсіп тұрған алқапқа барады. Көліктен шыққан кезде Президентті 60 адамнан құралған хор қарсы алған болатын. Кейін, олар бірге ән салып қызықты уақыт өткізді. Естелік суретке түсті.

Шара соңында жиналғандарға Елбасы жайлы деректі фильм ұсынылды. Бейнежазбада Президенттің өмір жолы көрсетіледі. Оның қайда білім алғаны, металлургиялық зауытта жұмыс істеген жылдары баяндалады.

Байболат  Култанов