Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да саяси кеңес бюросының отырысы өтті

Жұмыспен қамту мәселесі партияның назарында. Мемлекеттік жоба сұранысқа ие мамандарды қысқа мерзім ішінде оқытып шығаруды қарастырады. Биыл өңірде бұл мүмкіндікті 26 жұмыссыз тиімді пайдаланған. Жеке кәсібін ашқысы келетіндерге де көмек бар. Ісін енді бастаған бизнесменге 6 пайызбен 18 млн теңгеге дейін несие беріледі. Мұндай жеңілдікке қолжетімділікті арттыру жолдары да қарастырылыпты.

Серік Ахметбеков, партия сайлауалды бағдарламасының “Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы” бағыты бойынша комиссияның жетекшісі:


– Жұмысын енді бастайтын кәсіпкерге несиесін 85%, жұмысы жүріп тұрғандарға 50%-ға дейін кепілдендіру механизмі бар . Бұл ретте “Аграрлық несие корпорациясы” арқылы қаржыландыру үшін құны 194,2 млн теңге болатын 53 кепілдік бөлінді. Оны алған кәсіпкер міндетті түрде жаңа жұмыс орнын құруы керек. Бұл ретте 1,7 млрд теңгенің 382 ұсыныс қаржыландырылды. Аудандар бойынша кем-кетіктер бар. Мәселен агарарлық несие корпорациясы арқылы облысқа 676 млн теңге бөлініп тұрса да Мамлют, Аққайың , Қызылжар, Есіл аудандарында ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Аққайың, Жамбыл, Қызылжар және Уәлиханов аудандарынан ешқандай ұсыныс та түспепті. Аудандарға барсаң олар мұндай тиімді бағдарламалардың барын білмейді.

Көрсетілетін көмек бар. Бірақ жұмыссыздар саны көп. Бұл қалай? Жұмыспен қамту бойынша комиссияны басқарып, тексеру жүргізуі тиіс Серік Ахметбековтің бүгінгі есебіне Құмар Ақсақаловтың көңілі толып отырған жоқ. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін ғана тізіп берді. Ал, өңірде жұмыссыз жүрген қанша адамның барын білмейді. Мониторинг жүргізбеген.

Жалпы бүгін де Солтүстік Қазақстанда еңбекке қабілетті жастағы 315 мың адам бар. Оның 215 мыңы жұмыс істейді. Қалған бөлігін 85 мыңы өздерін еңбекпен қамтып отырса, 15 мың адам жұмыссыз деп ресми тіркелген. Ол адамдар көбіне ауылды жерлерде. Ондағы шаруашылыққа қолдау көрсету қажет. Сонда ғана жаңа жұмыс орны пайда болмақ. Өңір жетекшісі мұндай кеңесті Серік Ахметбековпен бөлісті.

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі:


– Сіздердің жұмыстарыңыз жағдайды толық қадағалау. “Нұр Отан” комиссияны бағдарламалардың жүзеге асуын қадағалау үшін құрды. Мәселеның қайдан туындағанын зерттеу керек. Серік Маркенұлы, сіз мұндай шаруалардың орындалуына жауап бермейсіз. Сіздің берген есебіңіз басқаша болуы керек еді. Бағдарламаны мемлекеттік атқару органдары орындамады ма? Осы жерде атын атап, түсін түстеп беретін құқығыңыз бар. Ал, сіз бірнеше ауданды тіздіңіз болды. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін тізбей жүзеге асырылу жоладарына үңіліңіздер.

Сұранысқа ие мамандарды оқыту үшін мемлекет қаржы бөледі. Биыл 26 адам оқып шықты. Мемлекеттік бағдаралма орындалды, болды деп қазанның қақпағын жаба салмау керек. Олар жұмысқа тұрды ма, әлді жұмыссыздар қатарын қайта толықтырды ма? Осы маңызды. Жетекші партия жанынан құрылған комиссия осыған анализ жүргізуі керек.

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі:


– Жыл соңына дейін келесі жылы өңірде қанша адам мемлекеттік бағдарламадан тыс жұмыспен қамтылатын болады? Ауыл әкімдері мен бірге жиын өткізіп осы сұрақтың жауабын табу керек. Оларды осы жерге шақырып, кім қандай кәсіпкермен жұмыс істейді, олармен келіссөздер жүргізді ме, мемлекет көмегін қаншалықты пайланды. Оның нәтижесінде қанша жұмыс орны пайда болады. Осы жөнінде маған келіп есеп бересіздер. Партия мүшелері мұның орындалу сапасын бақылауда ұстауы керек. Зейнетақы қоры арқылы жұмыс істейтіндер саны қаншаға артқанын да бақылаймыз. Желтоқсанда осы шаруаны бір жақты етіңіздер.

Күн тәртібіндегі келесі сұрақ – партиялық жобалардың жүзеге асуы. Петропавлда түрлі әлеуметтік топтарды қамтитын мұндай 6 жоба бар. Жетекші партия мүшелері ардагерлерге, мүгедектер мен жалғызбастыларға көмек көрсетіп тұарды.

Бос сөзді қойып, іске көшетін кез баяғыда жетті. Құмар Ақсақаловтың сөзінше мұндай шаралардың саны едәуір аратытн уақыт жетті. Бір реттік көмектен қарағанда, әсіресе көп балалы, толымсыз отбасыларға үздіксіз көмектесіп тұру керек.

Саяси Кеңес бюросында қаралған соңғы сұрақ – Ұлт жоспарының жайы. Жергілікті атқару органдары әсіресе 3 қадам бойынша қыруар шару тындыруда. Бұл индустрия мен экономикалық өсім. Бұл ретте инвестицияның да рөлі басым.

Арсен Қазбеков, СҚО экономика басқармасының басшысы:


– Инвестор тарту бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі – жалпы құны 31,7 млрд теңге болатын “Петропавл қаласындағы транспорт-логистика құрылысы” сынды жобаны жүзеге асыру. Бүгінгі күні Хуакун қытайлық компаниясымен біріккен жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Инвесторлармен кзедестік. Бүгінде біріккен компаня құрып, бизнес жоспар жасаудамыз.

Биылғы жылдың 10 айында өңір экономикасына 144 миллиард теңге салынған. Бұл сомманы айтарлықтай арттыруға болады.

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі:

 


– Жеке бизнеске қолдау таныту керек. Бүгінгі күні бізге Қытай жақсы серіктес. Сондықтан қытайлық инвесторлармен бірігіп жұмыс жасайтын боламыз. Ал, бүгін қаралған барлық сұрақтарды 5-ші қаңтарға дейін комиссиямен дұрыстап қарап, тағы та Саяси Кеңес Бюросын өткізіп тыңдау керек. Маған нәтиже бар ма, жоқ па? Соны айтасыздар.

Саяси Кеңес Бюросының отырысы соңында партия жұмысының жүзеге асуына қолдау көрсетіп жүрген жандардың еңбегі еленді. Тағы бірқатарына партиялық билет табысталды.

Акбопе Танирберген