Әр түрлі

Қатқан көлде қалып қойған 18 аққу құтқарылды

Асқар Жүнісов – СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының аға прокуроры:

– Мұндай ауа-райында құстар мұзға қатып қалулары әбден мүмкін. Әрі оларға осындай мезгілде басқа аңдар шабуыл жасайды. Оған қоса мұндай жағдайда қанаттылардың өмір сүрулері қиын. Тамақ тауып жей алмайды. Осыны ескеріп, құтқару шарасын ұйымдастырып отырмыз.

Қазір құтқару шарашасы жүріп жатыр. Мамандар мұз қатқан көлді аралауға кірісті. Айдынның бетіне қамыс өсіп кеткендіктен құстардың жүрген жерін анықтап, оларды ұстап алу қиын. Дегенмен, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 20 минут дегенде, жалғыз аққуды қолға түсіріп, көлікке тиеді.

–  Мына аққу шамамен 5 жарым 6 айлық. Оның әлі қанаты қатпаған. Сол себепті жылы жаққа ұшып үлгермепті. Поганка көлін мекендеген екен. Қысқы суыққа қалдырмай, құсты мұзға қатырмай мамандар құтқарып алды.

Бұдан соң да, құтқару шарасы қызу жүргізілді. Операция соңында құтқарушылар 18 бірдей аққуды ұстады. Олар енді, қауіпсіз аумаққа жіберілетін болады.

Ережеп Жанатаев – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:


– Аққулардың электр станциясының техникалық суы жиналатын каналға жібереміз. Олардың бақылап отыратын боламыз. Тамақтарын береміз.

Ал, бұған дейін өңірде 5 аққу құтқарылыпты. Олар М.Жұмабаев және Мамлют аудандарындағы көлдерден ауланып қауіпсіз жерге жіберілген. Ал былтыр облыс аумағында қатқан көлдерді мекен еткен 15 аққу құсы құтқарылыпты.

 

Байболат  Култанов