МТРА жаңалықтары

Бескөлде ауыл әйелдерінің І аудандық форумы өттіМына залға Қызылжар ауданының іскер әйелдері жиылған. Олар бір-бірімен өз істерінің қыр-сыры жайлы бөлісіп, тұшымды кеңестер беруде. Солардың бірі Якорь селосында кәсібін дөңгелетіп отырған Марика Безуглова. Нәзік жанды 2014 жылы “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры алқылы 8,5 млн теңге несие алған. Дәл бір жылдан соң аталмыш қаражатты іске жаратып, жартылай дайын өнім шығаратын цехтың таспасын қияды. Міне, қазіргі таңда оның өндіріс ошағы өрге домалап, 14 адамды еңбекпен қамтып отыр. Марика Безуглова – “Марика” ЖК директоры: – Әзірге біз тек қана жартылай фабрикаттарды шығарып жатырмыз. Дегенмен, алдағы уақытта цехымызды одан әрі жандандырмақпыз. Яғни, қосымша шұжықтарды да өндіруді жоспарлап отырған жайымыз бар. Қазіргі таңда дайын өнімдерімізді Бескөлге жеткізіп тұрамыз. Жалпы, жыл басынан “Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020” бағдарламасы аясында осы ауданның 45 азаматы 196 млн теңгеге шағын несие алыпты. Кәсіпкерлердің 11-і нәзік жанды көрінеді. Айта кететін жайт, 7 әйел мал шаруашылығын дамытуға бет бұрған. Раушан Тикибаева – Қызылжар ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры: – Былтыр біздің орталық Қызылжар ауданының 29 тұрғынына 82 млн теңгені құрайтын шағын несие берген болатын. Қарыз алған 10 нәзік жандының бесеуі өз істерін жаңадан ашса, қалғаны бар кәсіптерін өрістетуде. Айта кетсек, аталмыш форумға 50-ге жуық нәзік жанды қатысты. Олардың барлығы өзара пікір бөлісіп, бизнеске қажет ақпарат алып қайтты. Тогжан Акмагамбетова

Солардың бірі Якорь селосында кәсібін дөңгелетіп отырған Марика Безуглова. Нәзік жанды 2014 жылы “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры алқылы 8,5 млн теңге несие алған. Дәл бір жылдан соң аталмыш қаражатты іске жаратып, жартылай дайын өнім шығаратын цехтың таспасын қияды. Міне, қазіргі таңда оның өндіріс ошағы өрге домалап, 14 адамды еңбекпен қамтып отыр.

Марика Безуглова – “Марика” ЖК директоры:


–  Әзірге біз тек қана жартылай фабрикаттарды шығарып жатырмыз. Дегенмен, алдағы уақытта цехымызды одан әрі жандандырмақпыз. Яғни, қосымша шұжықтарды да өндіруді жоспарлап отырған жайымыз бар. Қазіргі таңда дайын өнімдерімізді Бескөлге жеткізіп тұрамыз.

Жалпы, жыл басынан “Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020” бағдарламасы аясында осы ауданның 45 азаматы 196 млн теңгеге шағын несие алыпты. Кәсіпкерлердің 11-і нәзік жанды көрінеді. Айта кететін жайт, 7 әйел мал шаруашылығын дамытуға бет бұрған.

Раушан Тикибаева – Қызылжар ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры:

– Былтыр біздің орталық Қызылжар ауданының 29 тұрғынына 82 млн теңгені құрайтын шағын несие берген болатын. Қарыз алған 10 нәзік жандының бесеуі өз істерін жаңадан ашса, қалғаны бар кәсіптерін өрістетуде.

Айта кетсек, аталмыш форумға 50-ге жуық нәзік жанды қатысты. Олардың барлығы өзара пікір бөлісіп, бизнеске қажет ақпарат алып қайтты.

Тогжан Акмагамбетова