Спорт

Жеткіншектер арасында футболдан біріншілік өтті

Евгений Кущ – “Юниор” футбол мектебінің жетекшісі:

 

– Жарысқа 2008-2010 жылдар аралығында туған жеткіншектер қатысуда. 8 құраманың барлығы бір-бірімен кездесіп өзара мықтыны анықтайтын болады. Жалпы, біздің мектеп жуырда ғана ашылды. Балаларды сәуір айынан жаттықтыра бастадық.

“Юниор” футбол мектептерінің желісі еліміздің 11 қаласын қамтиды. Петропавлдық филиал ұйымдастырған біріншілікте Қостанайдағы мектептің тәрбиеленушілері де бақтарын сынауда. Қазір олар жергілікті командамен иық тірестіріп жатыр.

Ал мынау Барселона мен Манчестер Юнайтедтің кездесуі. Бұл екі команда да жергілікті аяқ доп мектебінің тәрбиеленушілерінен жасақталған. Әзірге есеп тең – 1:1. Қызыл жейдедегі манчестерліктердің қақпасын қорғау 9 жасар Ануар Адильшинге бұырған.

Ануар Адильшин – жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Мен футболға жаздан бері барып жүрмін, маған өте ұнайды. Сүйікті ойыншым – Неймар. Бүгін жарыста жеңеміз деп ойлаймын.

Біріншілік қорытындысы бойынша жүзден жүйрік атанған құрамалар мен жарыстың үздік ойыншылары анықталып, марапатқа ие болды.

 

Саят Ермек