Бизнес және экономика

Халық банкі кезекті акция жариялады

Асқап Сақыпкереев – Петропавл қаласының тұрғыны:

 

– Маған банктен хабарласқанда, өте қуанышты сезімде болдым. Мен үшін керемет жаңалық болды. Халық банкі – Қазақстандағы ең мықты банк.

Бұл акция республика көлемінде қыркүйектің 25-і бастау алып, тура бір айға созылды. Осы аралықта қолма-қол ақшасыз кемінде 5 төлемді жүзеге асырған қазақстандықтар науқан қатысушысына айналу мүмкіндігіне ие болыпты. Ал, жолы болған жеңімпазды кездейсоқ сандар генераторы таңдаған. Жалпы, бұндай шараларды Халық банкі жиі ұйымдастырып тұрады.

Жазира Рахимжанова – “Халық банк” АҚ СҚОФ бөлшек сауда бизнесі орталығының менеджері:

– Қазанның 25-і мен қарашаның 25-і аралығында республика бойынша кезекті акция өтті. Бұл жолы ол “Шексіз қолма-қол ақша” аталды. Науқанға қатысушы үшін банкоматтан карточкасыз арнайы код арқылы кемінде 2 мың теңгедей ақша алған клиенттеріміз қатыса алды. Жеңімпазға самсунг ноут 8 смартфоны сыйға тартылды.

Бүгінде өңірімізде Халық банкінің 16 терминалы орнатылған. 190 мыңдай теріскейлік аталған қаржы институтының карточкаларын қолданады. Олардың тең жартысы түрлі операцияларды интернет-банкинг арқылы жүзеге асырады екен. Ал, ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап, банк өз клиенттері үшін тағы бір ұтымды қызмет түрін ұсынбақшы. Енді, жарық, су мен жылу үшін үйден шықпай-ақ, әрі комиссиясыз төлеуге болады.

 

Эльмира Садвокасова