МТРА жаңалықтары

Омбы қаласында теріскейлік азық-түлік сатылатын сауда орны ашылды

Руслан Шарипов – “Центр регионального развития Есиль” ЖШС директоры:

 

– Осы айдың басында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасымен алғашқы дүкенді ашқан болатынбыз. Міне, екінші сауда нүктесінің таспасын қиып отырмыз. Бұл жерде негізінен солтүстікқазақстандық 15 компанияның өнімі қойылған. Осы серіктестіктердің әр қайсысында болдық, тауарлардың барлығы сапалы. Сертификаттары бар.

Жалпы, Омбыда “Қазақстанда жасалған” маркалы тауар үлкен сұранысқа ие. Оған осыдан 3 жұма бұрын ашылған Маяковский көшесіндегі дүкен дәлел. Қазір бұл сауда орталығы тұрғындар жиі бас сұғатын орынға айналған. Ресейліктер теріскейде әзірленген азық-түлікті молынан сатып алуда. Әсіресе, көрші елдің азаматтары сүт пен ет өнімдерін көптеп алатын көрінеді.

Евгений Бойцов – «КазМаркет» АҚБ директоры, Омбы қаласы, РФ:

– Сауда бірінші күннен-ақ қызды. Қазірдің өзінде тауар жақсы өтіп жатыр. Бұлай іс алға басады деп ойламадық. Өнімдерді СҚО-ның ірі кәсіпорындары әкеледі. Дүкен арқылы РФ жол ашылып, бөлшек сауда жасауға мүмкіндік туды. Бәсекелестіктен қорықпаймыз. Өйткені, біздің азық-түліктің бағасы аса қалта қақпайды, әр сапалы.

Жаңа сауда орталығы ашылысымен қызу сауда жүріп жатыр. Тұтынушылар бұл жерде сатып алатын азық-түліктерінің дәмін татуға да мүмкіндік алды.

Виктор Хоменков – Омбы қаласының тұрғыны:

– Біз айран, май, печенье, шұжық сатып алдық. Азық-түліктің бағасы қымбат емес.

Татьяна Пшанава – Омбы қаласының тұрғыны
ауд: Барлық тауар өте дәмді. Маған қара өріктен жасалған бәліш ұнады. Сатып алдым, үйдегілерге ауыс тигіземін. Тағы, сүт пен кәмпит алдым. Дүкеннің жұмысына сәттілік тілеймін.

Жібек Жетпісбаева:

– Балалармен қыдырып жүргенбіз. Дүкеннің ашылып жатқандығын көріп, келдік. Өнімдерге ауыз тидік. Дәмді екен. Осы маңда тұрамыз, жиі келетін боламыз.

Алдағы уақытта солтүстікқазақстандық кәсіпорындар тауарды аптасына 2 рет жеткізуді жоспарлап отыр Тағы, дәл осындай сауда орны РФ басқа қалаларында да ашылмақ. Кезекті дүкеннің таспасы Түменде қиылмақ.

Култанов Байболат