Спорт

Камил Сафинді еске алуға арналған Республикалық турнир басталды

Мадияр Тәджібаев жарысқа қатысушы, Алматы облысы:

 

– Жарыс өте жақсы өтті. Өз көрсеткішіме көңілім толады. Бұл додаға 10 күн қатарынан дайындалдым. Қарсыласым өте мықты болды, алайда мен оның осал жерін тауып, 3-ші раундта есеп ашып ,жеңіске жеттім.

Шын шеберге шаршы алаңда тұсау жоқ демекші, былғары қолғап иелері жан алысып, жан берісіп қарсыластарынан басым түсуге тырысып бағуда. Алайда боксшылардан көп жылғы дайындықтарынан бөлек, төзімділік пен шыдамдылық талап етіледі.

Қайрат Сафин- Халықаралық дәрежедегі “aiba” төрешісі:

– Осы жарысымыз 5 турнир болғандықтан, бүкіл Қазақстаннан 11 облыс қатысып отыр. Солтүстік, Оңтүстік, Батыстан Ақтөбе қаласы қатысып отыр. Жалпы қатысушылар саны 120. Солтүстік Қазақстаннан 20 адам. Жарыс деңгейі жоғары. Жылда өтеді.

Жалпы турнир 5 күнге жалғаспақ.