Қоғам

Уәлиханов ауданының мәдени күндері өтуде

Жанаргүл Мүшелбай, кітап қоры, әдебиет өңдеу бөлімі маманы:

– Қош келіпсіздер бүгінгі ауданымыздың көрмесіне. біздің ауданда 95 пайыз ақаз тұрады. Біздің орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесі сіздерге ұмыт болған тағамдарды ұсынып отыр. 01:50 Сіздердің көп біле білмейтін тағамдарыңыз сүзбе. Бұл жас босанған әйелге берілетін тағам. Шекке бауыр мен май салып, жұмсақ қылып пісіреді.

Әр қазақтың үстелінен табылатын сары май мен бауырсақ, асылған ет . Уәлиханов ауданының кітапханасы қалалықтарды мол дастарханын жайып қарсы алды. Сары қымыздан сапырып, дәм татқызды. Мұндағы мақсат аудан тарихынан бөлек, жиылғандарға халқымыздың ұлттық болмысын көрсету. Ауданның қолөнер шеберлері Амантай Әлиұлы мен Асқар Мұстафин жасаған құнды бұйымдар да осында тұр.

Әр ел өз тұлғасымен мақтанады. Уәлиханов ауданынан шыққан бір туар азаматтардың көптігін осы көрмеден аңғардық. Атақты суретші Қанапия Телжановтың туындылары, Ермек Серкебаевтың ән жинағы, Саттар Мәжитовтың қазақ хандары жайлы еңбегі тұр.

Күләш Егімбаева, Уәлиханов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүейісінің директоры:

– Біздің Уәлихан ауданынан шыққан Сәкен Жүнісов, Қазақ күресінен 7 дүркін чемпион Ахметжан Қазымбаетов, Өңірімізде жалпы орыс мектептерін ашып рухани байытқан.  Зейнелқабидден Әлжауһари өзіміздің білім қайраткері Сабыр Мәликов Сұмағұл Сәдуақасов оқыған.

Ауданның ардагерлер кеңесі де белсенді жұмыс жасайды екен. Бүгінгі көрмеге қарттар өздерінің жетістіктері мен аудан тарихы жайлы жинақтарын беріп жіберіпті. Уәлиханов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі тағы оқырманының көптігімен мақтанды.

Күләш Егімбаева, Уәлиханов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүейісінің директоры:

– Көрмеге өзіміздің Туған жер бағдарлама болғандықтан өз ауылымыз, өңіріміз туралы жазылған кітаптарды алып келдік.

– Мемлекеттік тапсырыс бойынша жаңа кітаптар түсіп тұрады. Ауылдық 14 кітапхана бар .Соларға бөліп тұрамыз. Балалр кітапханасына кітап жетіспейді. Оқырманымыз 8 мыңнана асады, кітап қоры 107 мың. Тұңғыш президент күніне Өндіріс ауылында кітапхана ашқалы отырмыз. Ашылатын кітапханаға деп кітап бөліп отырамыз.

Аудандағы 25 білім беру мекемесінің жеке ктапханасынан бөлек, 14 ауылдық кітапханалар бар. Уәлиханов аумақтың әкімшілік бөлінісінде 14 мыңнан аса халық тұрады. Ал, кітапханашылардың дерегінше олардың 8 мыңнан артығы тұрақты түрде кітап оқиды екен.

 

Акбопе Танирберген