Балалар

Қос бірдей байқаудың жүлдегерлері анықталды

Роман Лещук – байқау жеңімпазы:


– Маған ата-анам кішкентай күнімнен темекінің зиянын айтады. Шылым тартуға әуестенгенше спортпен шұғылданған жөн. Осыны ескеріп қағаз бетіне жеңіл атлетшіні бейнеледім. Ол жүгіріп бара жатыр. Салған кейіпкерім зиян әдеттерден мүлде аулақ. Байқау жеңімпазы болғаныма қуаныштымын.

Тағы, бүгін “Журналистер салауатты өмір салтын қолдайды” байқауының жүлдегерлері де анықталды. Конкурсқа 15-ке тарта тілші қатысты. Олар шараға денсаулықты сақтау, спортпен шұғылдану жайында дайындаған еңбектерін жолдапты. Жүлдегерлер қатарына біздің арна тілшілері де лекті. Жеңімпаздар сый-сияпатсыз қалмады.

Инна Калимбет – “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС директорының орынбасары:

 


–  Биыл біздің орталыққа – 20 жыл толып отыр. Осыған орай журналистер арасында байқау ұйымдастыруды шештік. Конкурс 4 номинация бойынша өтті. Яғни, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бейнематериалдар мен баспа еңбектері арасынан үздіктерін анықтадық. Жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен ақшалай жүлде табысталды.

Айта кетейік, “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” ЖШС 20 жылдық мерейтойын желтоқсан айының 3-і күні атап өтпек.

Байболат  Култанов