Құқық қорғау органдары

Өңірде құқық қорғау қызметінде жұмыс жасайтын психолог-полиграфологтардың семинары өтуде

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:


– Бүгінгі шара ішкі істер органдарында жұмыс жасайтын психологтардың актуалды проблемаларына бағытталған. Өйткені, қазіргі таңда осы мамандар қызмет барысында түрлі психологиялық ауытқуларға ұшыраған түрлі адамдарды анықтап, олармен ұдайы жұмыс жасаулары керек. Сондай-ақ, полицейлерге экстремалдық жағдайлар мен террористік қауіп-қатер кезінде психологиялық тұрақтылықты сақтауға үйретулері қажет.

Мына залда өзге аймақтардан келген тәжірибелі психологтар теріскейлік мамандарға түрлі кеңестер беруде. Олар негізінен террористік қауіп-қатер кезінде тәртіп сақшыларын психологиялық-полиграфологиялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қызу талқылауда. Айта кетсек, біздің өңірдің тәртіп сақшыларымен жұмыс жасайтын 2 психологиялық кабинет жұмыс жасайды екен. Онда психолог мамандар түрлі тесттер мен полиграфологиялық тексерулер өткізіп тұрады.

Балнұр Қалиахметова – СҚО ІІД кадрлық жұмыс басқармасының инспектор – полиграфологы:

– Тест 2-2,5 сағатқа созылады. Осы уақытта біз оған психологиялық тест және біздің қаулығы байланысты сауалдар қойылады.

Бүгіндері облыстық ІІД-де 3 мыңға жуық тәртіп сақшысы қызмет етеді. Ал, жыл басынан олардың тек 200-ден астамы ғана полиграфологиялық тексеруден өткен. Жалпы, аталмыш семинар екі күнге созылмақ. Мұнда теориялық және практикалық сабақтар өткізілмек.

 

Тогжан Акмагамбетова