МТРА жаңалықтары

Корейлердің Қазақстанға жер аударылғанына 80 жыл

Шеттен келген өзге ұлт өкілдерін қазақтар кеудеден қаққан жоқ. Жандарынан орын берді, ас-тұзымен бөлісті. Осылайша атамекенінен аластатылған корейлердің біздің еліміздің аумағындағы жаңа өмірі басталды.

Нұрболат Әбуов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:

– Биыл кәрістердің Орталық Азияға жер аударылғандарына 80 жыл толды. Олар Қазақстан мен Өзбекстан аумағына қоныстандырылды. Корей халқының алдында бұл жерлерге Батыс Украинадан немістер мен поляктар келген болатын. Кәрістер Корея мен Жапония арасында соғыс болуы қауіпі салдарынан қоныс аударылған.

Кәрістер қиын-қыстау уақытқа қарамастан жергілікті халықпен етене жақын араласып, Қазақ жеріне бауыр басты. Қазір бұл ұлт өкілдерінің біразы теріскей өңірінде тату-тәтті тұрып жатыр. Дмитрий Тё аққайыңдар өлкесінің тұрғыны. Азамат облыстық кардиологиялық орталықта дәрігер болып қызмет атқарады. Ақ халатты абзал жан солтүстік қазақстан жерін атамекенінен кем көрмейді.

Дмитрий Тё – облыстық кардиологиялық орталықтың дәрігері:


–  Мен өзім оңтүстікте туып өстім. Ал, 14 жыл бұрын Петропавлға көшіп келдім. Қазір, барлық туған-туыстарым Шымкентте тұрып жатыр. Бұл жаққа тез үйрендім. Жергілікті тұрғындар мен әріптестеріммен тез тіл табысып, өмір сүріп жатырмын. осы өлкеде қызмет атқарып жүргеніме өкінбеймін.

“Тарихтан тағылым – өткенге тағзым” атты өңіралық ғылыми-тәжірбиелік конференция барысында сөз алған спикерлер атамекеннен көшкен кәріс ұлты өкілдерінің тағдырын айтып, бүгінгі жағдайларын баяндады. Жалпы, қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 500-ден аса кәріс ұлтының өкілі тұрады.

 

Култанов Байболат