Қоғам

Тұрғын үйлерге жылу есептегіш құрылғыны орнату тиімді

Нина Бухтоярова – Петропавл қаласының тұрғыны:

– Баспана іші жылы, ал келген түбіртектегі сома қуантпай қоймады. Аспапты орнатқанға дейін төлеген қаражатпен салыстырғанда бірнеше есе арзан. Бұл әсіресе мен секілді қарапайым зейнеткерлер үшін өте үнемді әрі пайдалы.

Жылу есептегіш құрал азаматтарға тек пайдаланылған жылу мөлшері үшін ғана төлем жүргізуді қамтамасыз етеді. Ал құрылғыны орнатпаған үйлер сараланған тариф бойынша, яғни пәтердің 1 шаршы метрі үшін 122 теңгеден төлеп жүр. Яғни, бағалар әр түрлі, ал берілетін жылу сапасы бірдей. Жылу есептегіш құралды орнатуға әлі де кеш емес. Құрылғыны мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алуға болады. Шарттары тиімді.

Ирина Яуфман – “Эврика” тұтынушылар кооперативінің төрайымы:

– Жылу есептегіш аспапты мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алдық. Енді оның құнын тұрғындар 4 жыл ішінде бөліп қайтармақ. Айына әр пәтер 180 теңгеден беріп отырады, сондықтан қалтадан қақпайды. Біздің кооператив 5 тұрғын үйге қызмет көрсетеді, бәрінде де жылу есептегіш қондырғы орнатылған.

Жылу есептегіш құрылғысын орнатып, отбасылық қаражатты үнемдеймін дегендер “Севказэнергосбыт” компаниясына жүгіне алады.

Саят Ермек