МТРА жаңалықтары

СҚО ТЖД қызметкерлері өзара сынға түсті

Алтынбек Нараштың төтенше жағдайлар департаментінде қызмет етіп жүргеніне 3 жылдан асыпты. Азамат кішкентайынан салауатты өмір салтын ұстанып, спорттың бірнеше түрін қатар алып жүрген. Сондықтан, көп ойланбастан осы мамандықты таңдапты.

Алтынбек Нараш – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлімше бастығы:

– “Жігітке жеті өнерде аз”. Бұл мамандықты таңдаған себебім, мұнда дәрігер, психолог, сүңгуір сынды түрлі мамандық иесі атанамыз. Бұндай жарыстар біздің мінезімізді қатайтады. Физикалық, моральдық тұрғыда шынығамыз.

Үздік құтқарушыны анықтау үшін білекті жігіттер 3 сыннан өтулері қажет. Білтемірде тартылып, қоссырықта жаттыққан соң, олар 24 келі болатын гірді көтерулері қажет. Құтқарушылардың шеберліктерін шыңдап, түрлі оқыс оқиғаларға дайындау үшін бұндай додалар жиі ұйымдастырылады екен.

Алтай Тезекбаев – СҚО ТЖД Жедел – құтқару жасағының бастығы:

 

– Бүгінгі жарыс Тұңғыш Президент күніне орайластырылған. Жедел-құтқару жасағы болғандықтан, бұл жігіттер әрқашан дайын болуы керек.

Әрбір кезеңнің жеңімпаздары анықталған соң, басты кубок барлық сындардан сүрінбей өткен жедел құтқару жасағының бөлімше басшысы Алтынбек Нарашқа бұйырды.

Эльмира Сәдуақасова