Спорт

Құлагер қонаққа жеңіске жетті

Бірінші периодты айдын иелері қарқынды бастады. Рудныйлықтар қауіпті шабуылдар ұйымдастырып жерлестеріміздің қақпасына 2 бірдей шайба салды. Алайда, екінші және үшінші 20 минуттықта теріскейліктер ойын тізгінін өз қолдарына алды. Сауатты ойнап таразы басын теңестірді. Осылайша негізгі ойын бөлігі 2-де 2 есебімен аяқталды. Овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Ал, булиттер сериясында Максим Волков көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады.

Байболат  Култанов