Қоғам

Елді дамытудағы Елбасының еңбегі

Таңат Сүгірбаев – “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:


–  Ядролық сынауды тоқтатты. Семей полигонын жапты. Еліміздің бейбітшілік саясатын сөзімен емес, ісімен дәлелдеді. Астана декларациясы қабылданды. Биылғы жылғы ЭКСПО көрмесін айтуға болады. Ол да Елбасының арқасы.

Жиында Петропавл қаласындағы Әскери институттың «Қазақстан халқы Ассамблеясы және тілдік дайындық» кафедрасының профессоры Ақмарал Жәмитова «Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында баяндама оқыды. Тағы Президентіміздің әскери салаға көп көңіл бөліп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға сіңірген еңбегін тілге тиек етті.

Ақмарал Жәмитова – ҚР ҰҰ Әскери институты «Қазақстан халқы Ассамблеясы және тілдік дайындық» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к.:

 

– Бүгінгі күні әскери қызметшілердің мүмкіншіліктері өте мол. Шілде айынан жалақы 25 пайызға көтерілді. Пәтер алуға жағдай жасалды. Мұндай игі істер әскери қызметкерлердің абыройын көтеріп, қызығушылығымызды арттырады.

Жиында тағы кітап көрмесі ұйымдастырылып Елбасының еңбектері ұсынылды.

Магжан Ахмадина