Мәдениет

Достық үйінде белорус мәдениетінің фестивалі өтті

Мария Татаренко – “Радзіма” белорус мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

– Бұл фестивалді біз жыл сайын өткіземіз. Шарада орталықтың жыл бойы атқарған жұмыстарына қорытынды жасалады, онымен қоса, бірлестік мүшелері, балалар қала тұрғындарына белорус ұлтының мәдени байлықтарын паш етеді.

Шығыс славян халықтарының әндері айтылып, билері биленді бұл шарада. Белорустардың ұлттық салт-дәстүрлері де көсетілді. Солардың бірі “Сапожінки” деп аталады. Бұл дәстүр күзгі жиым-терімнің аяқталуын тойлауға негізделген.

Белорус халқының бұл ғұрпын Ғ. Мүсірепов ауданынан ат терлетіп келген “Алтын бесік” этномәдени бірлестігі көрсетті.

Роза Иванова – “Алтын бесік” этномәдени орталығының мүшесі, Ғ. Мүсірепов ауданы:


– Біздің этномәдени бірлестігімізге биыл 10 жыл толып отыр. Аудандық шараларға белсене қатысамыз. Бүгінгі шараға “сапожінки” салтын алып келдік. Сахнада алтын дәнді, көкеністерді жинап біткен халықтың қуанышын көрсетудеміз. Ән айтамыз, би билейміз.

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған фестивальге облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктері, оқушылар мен студенттер қатысты. Оларға шаһардың және аудандардан келген 13 шығармашылық ұжым белорус халқының мәдени игіліктерін паш етті.

 

Саят Ермек