Қоғам

1- желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

Гүлбақша Мұсабаеваның айтуынша Ел Президентінің бас болуымен Қазақстан бірталай биіктерді бағындырып, жетістіктерге жетті. Ал, Президент билігінің кепілі – Конституция. Мұны жастар білуі керек.

Гүлбақша Мұсабаева, «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» ҚБ төрайымы:

 

–  Конституция бойынша президент ҚР азаматтарының бостандығы мен құқығынығң кепілі мен нышаны деуге болады. 01:44 Өзім кәсіби медиатр ретінде Елбасыны халықаралық деңгейдегі медиатр дегім келеді. Барлығы елбасының арқасы.

Жиында ҚХА-ның өкілдері, мәдени ұйым жетекшілері сөз алып, Президенттің өмір жолы, еңбегі жайлы баяндауда. Араларында Ұлт көшбасшысымен кездесіп, Президент алдында сөз сөйлегендері де бар. Н.Назарбаев ұсынған әр жаңашылдық – елдің жарқын болашағы үшін жасалған маңызды қадам дейді, олар. Сондықтан мұндай жобаларды бір адамдай жүзеге асыруға дайын.

Наиль Салимов, СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі:


–  Бүгінгі саяси экономикалық жетістіктеріміз бен әлем аренасындағы Қазақстанның алатын орны Елбасының еңбегі мен атақ-абыройының арқасы. Президенттің дара жолы, ұстанған саясаты мен шешімдері жайлы бүгін жиылғандар айтуда. Қазір Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Мұның арқасында алға жылжып, жаңа кезеңге өтеміз. ҚХА жыл соңында тағы 6 жобаны іске қоспақ. Рухани жаңғыру аясындағы шаралар ұлттардың достастығы мен татулығын нығатып, бейбітшілікті қаматамасыз етуге бағытталған.

Достық үйінде алдағы уақытта да мемлекеттік мерекеге орайластырылған шаралар легі өтпек. Тәуелсіз мемлекеттің бүгінгі жетістіктерге жету жолында қабылданған маңызды шешімдер мен күндер әрқашан аталып өтілуі керек дейді, ұйымдастырушылар.

Акбопе Танирберген