Қоғам

Сыбайлас жемқорлықпен күресті әркім өзінен бастауы тиіс

Елімізде жыл басталғалы 138 осындай заңбұзушылық тіркелген. Сондықтан жиынға қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресті әркім өзінен бастауы керек дейді.

Эльмира Танақұлова – Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімі жастар ресурстар орталығының инструкторы:

– Отан от басынан басталады демекші, қандай тәрбие болсын жанұяда беріледі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді де әркім өзінен бастап, кейін балаларына үйретуі тиіс. Мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбие де кез-келген балғынның заңның ала жібін аттамай, еңбегіне адал азамат болып өсуіне жағдай жасайды. Біздің көздегеніміз де осы.

Жиында тағы әскерилерге облысымыздағы сыбайлас жерқорлық фактілері жайлы айтылды. Соңғы екі жылда өңірде 53 лауазымды тұлға пара алып ұсталған. Фактілердің дені, яғни 16-сы ішкі істер органдарында тіркелсе, тағы 13-ін әкімдік қызметкерлері жасаған. Олар әрине өз қызметтерімен қош айтысты.

 

Магжан Ахмадина