МТРА жаңалықтары

Қылмыстық процесс жүйесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

Жаңашылдықтың экономикалық салаға тікелей қатысы бар. Енді, азамат экономикалық қылмыс жасаса “қамауда ұстау” шарасы қолданылмайды. Өйткені, бұл құқық бұзушылық адам өміріне қауіп төндірмейді. Мұндай жағдайда тұлға мемлекетке келтірген шығынын толық өтеп, бостандыққа шыға алады. Дегенмен, жалған ақша жасап, пирамидалар мен заңға қайшы ұйымдасқан топтар құрса, контрабандалық іс-әрекетке барса “қамамда ұстау” шарасы қолданылады. Жыл басынан бері солтүстікқазақстанда мұндай 133 факті тіркелген.

Оның 100-ге жуығы ашылған. Шілдеде қабылданған өзгерістерге сай қылмыстық істер ендігі кезекте электронды түрде жүргізіледі. Яғни, заң бұзушылықтың тіркелуі, тергелуі сияқты үкімге дейін процестер ғаламтор арқылы жүзеге асады. Бұл тергеушілердің, прокурор мен судяның жұмысын жеңілдетеді. Мәселен, бұрын сот санкциясы 3 тәулікте берілсе, бүгінде оны 2 сағаттың ішінде алуға болады. Сонымен қатар, қамауға алу уақыты да қысқартылды.

Виктория Пивоварова – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:

– Бүгінгі күні адамды сот санкциясынсыз 72 сағат ұстауға болады. Бұл заң 1959 жылдан өзгермей келеді. Енді, бұл уақыт 48 сағатқа дейін қысқартылды. Ал, кәмелет жасына толмағандар 24 сағатқа ғана қамауға алынуы тиіс. Тек, аса ауыр, террористік немесе экстремистік қылмыстар, қоғамдық ретсіздік жасағандар, ұйымдасқан топтар құрған және есірткі айналымына қатысы азаматтар 72 сағат қамауға алынады.

 

Култанов Байболат