Әр түрлі

Денім сау болсын десең дұрыс тамақтан

Любовь Васькина, “Петрович” дәмханасының бас аспазы:

– Ірімшік және ет қосылған фитнес құймақтарды майсыз қыздырлыған табада қуырдым. Тұз аз мөлшерде, Крахмал мен майсыз сүт қосылған. Кекстер мен нан – бидай кебегі ұнынан жасалды. Қант қосқан жоқпын. Котлеттер де осындай жолмен әзірленеді. Қиын емес. Мұның барлығы тамақтың дәміне әсер етпейді. Қант пен майы көп астан дәмдірек десек те болады.

Петропавлда ПЕтровичтен бөлек тағы 6 дәмхана өз ас мәзіріне пайдалы тағамдарды қосқан. Жиылғандар денсаулыққа зиянсыз дәмді тағамдардың дәмін татты. Ыстық астан бөлек, тәттілір де бар. Күнделікті жеп жүрген тағамнан сәл қымбаттырақ. Есессіне адам ағзасы мен дене бітіміне еш кері әсерін бермейді. Үйде де жасап жеуге болады. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары бұл шара арқылы қант, тұз трансмайлар қышқылын қолдануды азайтуға шақырады. Салауатты өмір салтын ұстанудан бөлек пайдалы тамақтанатындар саны артса аурулар да азаяр еді.

Айнаш Сағандықова, СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің жетекші маманы:

– Шараның мақсаты қоғамдық салауатты өмір салтын қалыптастыруда дұрыс және тиімді тамақтану. Тағамды әзірлегенде тұз қант, қышқылдарды азайту болып табылады. Соңғы жылдары елімізде инфекциялық емес семіздік, қант диабеті сынды аурулар байқалады.

Солтүстік Қазақстанда соңғы жылдары қант диабеті, өт қабына тас байлану сынды инфекциялық емес аурулар көбейген. Балалар арасында семіздік бір жарым есе артыпты. Бұның барлығы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан дейді, мамандар. Бұл мақсатта пайдалы тағамдарды насихаттайтын бүгінгідей акция болашақта жиі өткізіліп тұрмақ.

 

Акбопе Танирберген