Қоғам

Түнгі клуб маңында атыс ұйымдастырғандарға қатысты сот үкім шағарды

Жұдырысқтасу да мәселені шешпесе керек, соңғысы травматикалық қару алып шығып, Хамитовты жарақаттайды. Бұл қылмыс бірден ел арасында резонанс тудырды. Тіпті, атысты ұйымдастырған екеу бір аптадай іздеуде болып, кейін ғана құрықталады. Бүгін сол түні орын алған оқиғаға қатысты істің соңғы нүктесі қойылды.

Михаил Гусев – Петропавл қалалық сотының судьясы:


–  Аушахманов Қайрат Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 3-ші тармағы 1-ші бөлігі бойынша тағайындалған жазадан босатылсын. Ол жәбірленуші жақпен келісімге келген. Сол себепті сот залынан босатылсын. Ал Бектас Темірлан Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293 бабы 3-ші тармағы 2-ші бөлігі бойынша кәнілі деп танылып, 4 жылға бостандығына шектеу қойылсын. Және ол Хамитовке 500 мың теңге ретінде моральдық шығын өтеуі тиіс. Шартты мерзім тағайындалған Бектас енді осы уақытта пробация қызметінің бақылауында болады.

Қоғамдық орында шу шығарған Темірлан Бектас ендігі кезекте мәдени ошақтар мен демалыс орындарына бара алмайды. Және жылына 240 сағаттан аспайтын мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды. Әрине мұндай шешімнің шыққанына сот отырысына келген олардың достары мен туған-туысқандары қуанышты. Ал жәбірленуші Ербол Хамитовтың анасы болса, көз жасына ерік берді.

Ғалия Алпысбаева- Ербол Хамитовтың анасы:

– Әрине кінәлілердің жазаланғанын қалаймын. Тек Аушахмановтың ата-анасы келіп кешірім сұрады. Қаржылай көмек те көрсетті. Олардың балаларын босатқаны дұрыс деп ойлаймын. Бірақ Бектасқа шартты мерзім берілгені дұрыс болмады. Бейнежазбадан да оның кінәлі екені көрініп тұр. Жалпы бірінші күні мұндай жағдай орын алмаса, екінші күні де атыс болмай, менің балам аяғынан айырылмас еді. Ал енді өмір бойына мүгедек болып қалды.

Нақ осы екінші күнгі оқиғадан кейін Ербол Хамитов аяғынан айырылды. Қазір осыған қатысты да сот ісі жүріп жатыр. Онда 5 адам айыпталуда, тек Темірлан Бектас бұл эпизодта куәгер ретінде өтуде.

 

Мағжан Ахмадина