Мәдениет

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында кезекті көрме бастау алды

Әрбір фотоның Қазақстан тарихында алар орны да ерекше. Мәселен, мына бір сурет 1989 жылы түсірілген. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың теріскейге жұмыс сапарымен алғаш келуі. 28 жыл бұрын ол Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы қызметінде болған. Бүгін осы сынды қызықты жайттарды музей қызметкерлері оқушыларға баяндауда.

Балжан Сұрағанова – СҚО бейнелеу өнері мұражайының қызметкері:

– Бұл шараны ел президентінің бағдарламалық мақаласы “Рухани жаңғыру” аясында өткізудеміз. Көрмеге қойылған жарқын фотолардан еліміздің жетістіктерін көруге болады.

Шараға еліміздің дамуы мен оның тұрақты мемлекетке айналу процессін өз көздерімен көрген жандар да қатысуда. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сара Тасеменова жеткіншектерге Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтар жайлы әңгімелеп берді. Елдің әлеуметтік жағдайы төмен болды, жаппай жұмыссыздық жайлаған болатын. Экономиканы қысқа уақытта дағдарыстан шығару жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі көрмеден әр жалдардағы түрлі саладағы жетістіктерді аңғаруға болады. Өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс барлығы қамтылған.

Александра Шаболдаева – №32 орта мектеп оқушысы:

– Маған көрмедегі бірнеше сурет өте қатты ұнады. Соның бірі түнгі Астанадағы Бәйтерек ғимаратының фотосы. Жалпы, шарада біз үшін қажетті мағлұматтар сөз болды.

Экспозициялардың бір бөлігінде солтүстікқазақстандықтардың түрлі саладағы жетістіктері де орын тапқан.

 

Эльмира Садвокасова