МТРА жаңалықтары

Мүгедектікті бірінші рет тағайындайтын жандарға композиттік қызмет көрсетілуде

Оның 8-і электронды үкіметтік порталы арқылы көрсетіліп отыр. Жалпы, аталған ведомство өткен 9 ай ішінде халыққа 35 мыңнан астам қызмет көрсетіпті. Көбіне, жерлестеріміз мемлекеттік корпорация мамандарының жұмысына жүгінген. Бұдан бөлек, департамент өкілдері теріскейліктерге композиттік қызметті де береді.

Мереке Мұхамедияров – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Қомпозиттік қызмет – мүгедектікті алғаш рет тағайындауға өтініш білдірген жандарға көрсетіледі. Әлеуметтік – медициналық сараптамадан өткен жан бір жерден ғана келіп көмек алады.

Департамент өкілдері композиттік қызметті шалғай ауылдарды аралап та көрсетіп жүр. Олар денсаулығы нашар жандармен кездесіп, зейнетақы мен жәрдемақы алуларына көмектесуде. Мұндай, тиімді мүмкіндіктерді “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясының СҚО филиалы департаменті де ұсынып отыр.

Сәулеш Дүйсенбина – “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының СҚО филиалы департаментінің директоры:


–  Азамат жұмыссыз қалды делік. Ол сақтандыру жүйесіне енгізіліп, жұмыспен қамту орталығында есепте тұрса, бізге өтініш жаза алады. Кейін, оған жәрдемақы төленуі керек. Яғни, жұмыссыз азаматқа сақтандыру қорынан тиісті мөлшерде жәрдемақы беріледі.

Болашақта “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы бірнеше пилоттық жобаны енгізуді жоспарлап отыр. Олардың бірі -жаңа босанған әйелдерге тиімді болмақ. Нәзік жанды перинаталдық орталықтан шықпай-ақ, сәбиіне ғаламтор арқылы ат қоя алады. Бұл жоба тіпті, жәрдемақы алуына да септігін тигізбек. Яғни, смартфонға келген хабарламаға банк карточкасының нөмірін жіберсе, сол шотқа ақша түседі. Жаңашылдық алдағы уақытта Үкіметте қаралмақ.

 

Байболат  Култанов