Қоғам

Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ

18-39 жас аралағындағы әйел жүктілігі қалыпты әрі жеңіл болады. Ал, тым ерте немесе жасы ұлғайғанда дүниеге сәби әкелуде қиындықтар туындап жатады. Бұны бірінші кезекте әйелдер ескерулері қажет. Қазір қоғамның тағы бір дерті жасөспірім қыздардың жүкітілігі. Мұндай жағдайдың 60 пайызы жасанды түсікпен аяқталады. Бүгін міне осы тақырыптарды тізіп тұрып, тегін кеңес беруге арнайы дәрігер шақыртылған.

Марина Тимофеева, Бірінші қалалық емхананың гинеколог-дәрігері:

– Бірінші қалалық емханада сәби сүюді жоспарлау кабинеті бар. Дәрігер мұның бәрін кеңес алуға келген адамға түсіндіріп айтып береді. Талон алмай-ақ сағат 8 бен 4 аралығында қабылдауға болады. Маған 16 жастағы қыз келіп жүктілігін тоқтататын дәрі жазып беруді сұрайды. Оң-солын әлі білмейтін бойжеткендер керісінше жүктілік, жыныстық қатынас деген не деген сияқты ақпарат алу үшін келу керек қой. Жыл сайын бала табу да зиян. Босанғаннан екі жыл өткеннен кейін ғана әйел ағзасы қайта қалыпқа келеді. Сондықтан мұның барлығын сауатты, жоспарлы түрде іске асыру керек.

“Нұр Отан” партиясының “Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ” жобасы аясындағы мағлұматқа толы бүгінгі кездесуіне жас отбасылар көптеп келді. Дархан Жантиков осыдан 5 жыл бұрын шаңырақ көтерген. Үш бірдей баланың әкесі. Өзіне сәби сыйлаған келіншегінің денсаулығына бей-жай қарамайды. Балаларым да сау өссе екен дейді. Жас отбасылардың басында болатын әр мәселе оған таңсық емес.

Дархан Жантиков, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің мұғалімі

–  Қазір жас отбасыларға қолдау керек. Баспана беріп, жеңілдетілген түрде ұсынса жақсы

Жастар айтып тұрған баспана мәселесі де ұмыт қалған жоқ. Кездесуге “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен” арнайы маман шақыртылған. Кейінгі жылдары өңірде жас отбасыларға баспана беру жобалары жүзеге асып жатқан жоқ. Есесіне, қазір “Қызылжар жастары” атты жаңа жоба қарастырылуда. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Бастапқы жарна пәтер құнының 10 пайызы. Қалғанын ипотека түрінде 5 пайызбен төлейді. Тек, жұбайлардың некеге отырған уақыты, бала саны, жұмыс тәжірибесі мен қалада тіркеуде тұру мерзімі ескеріледі. Тек, жобаны қазір қарап жатқан қала әкімдігі құптаса болды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі келесі жылдан бағдарламаны жүзеге асыра бастауға дайын отыр.

 

Акбопе Танирберген