МТРА жаңалықтары

“Қонақжай Петропавл” байқауы өз мәресіне жетті

Алена Третьякова – “Праздичный город” агенттігінің жетекшісі:

– Дауыс беру konkurs.nkregion.kz сайтында бір ай көлемінде жүргізілді. Бұл онлайн парақшасына күнделікті 2 жарым мың адамға дейін кіріп, үздік қызмет көрсету орындарын таңдады. Бұдан бөлек, сараптама коммиссиясы да жұмыс істеді. Олар нысандарды аралып, мамандардың жұмыстарын бағалады. Бүгінгі салтанатты шара барысында үздіктердің үздігін анықтаймыз.

Байқауға қаламыздағы “Friends” мейрамханасы 2 бірдей аталым бойынша қатысып отыр. Өткен жылы бұл тамақтану орны “Үздік тағамды жеткізіп беру” номинацисында бас жүлдені еншілепті. Биыл да жеңіске жетуге үмітті. Оған қоса “Үздік мейрамхана” аталымында да топ жаруға ниетті.

Евгений Медведев – “Friends” мейрамханасының бас аспазы:

– Біз мейрамханаға келушілерге 50 бірдей тағам түрін ұсынамыз. Ас түрлі көкеністерден, теңіз өнімдерінен, дәнді-дақылдардан әзірленеді. Нысан 80-100 адамға шақталған. Мейрамханаға күнделікті тұрғындар келіп, тамақтанып тұрады. Байқауда 2 аталым бойынша да жеңіске жетеміз деген ойдамын.

Сонымен жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне де кезек келді. Қазір шаһардағы “Үздік демалыс орны” белгілі болмақ. Дауыс беру нәтижесі бойынша «Green Рark» таңдаулы отбасылық парк-отелі жеңіске жетті.

Ал, Fitness & Spa Скиф орталығы “Үздік фитнес клубы” аталымында топ жарды.

Дархан Қапен – Fitness & Spa Скиф фитнес клубының басқарушысы:

– Фитнес клубта білікті жаттықтырушылар жұмыс істейді. Олар келушілерге жаттығуларды қалай жасау керектігін түсіндіреді. Орталыққа күніне шамамен 500-ге дейін адам келеді. Тұрғындардың қатары артуда. Олардың барлығына сапалы қызмет көрсетеміз.

Тағы, салтанатты шара барысында қаламыздағы үздік қонақ үй, сән салоны да белгілі болды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, бағалы сыйлақтар табысталды. Тағы, кеште жиналғандар түрлі қызықты ойындарға қатыса алды.

 

Байболат  Култанов