Білім

Білім саласындағы әріптестік

Шань Вэйсин – СБАжОШУ агрономия колледжінің директоры, ҚХР:

– Біздің оқу орны әріптестік орнатуды көздейді. Осы уақытта білім ошағы АҚШ, Германия және Ұлыбритания елдерінің оқу ордаларымен жұмыс істеуде. Енді Қазақстандық университеттермен де әріптестік жасауды көздейміз. Облыстарыңыз аграрлық болғандықтан, осында келдік. Өйткені, біздегі зертханалардың мүмкіндігі зор. Және түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады. Өсімдік шаруашылығында қол жеткізген жетістіктеріміз мол. Олармен бөлісуге дайынбыз.

Білім ошағы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-мен әріптестік орнатқан. Сөйтіп, академиялық мобильдік бағдарламасы аясында алдағы уақытта екі елдің студенттері мен оқытушылары бір-бірімен тәжірбие алмаспақ.

Алтын Шаяхметова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ауыл шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі:

 


–  Ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірге жүргіземіз, бірге студенттерді дайындаймыз. Академиялық мобильдік деген бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы кафедрасының студенттері Қытайдың университетіне 1 семестрге оқуға барады.

Қазірдің өзінде ағылшын тілін жетік меңгерген 2-3 студент таңдалып алынған. Олар қаңтар айында аспан асты еліне оқуға барады деп жоспарланып отыр. Ал екі жақ болса, алдағы уақытта әлі әріптестік жайын кеңірек талқылауды жалғастырмақ.

Мағжан Ахмадина