Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да техникалық пәндер ағылшынша оқытылып жатыр

Ашық сабақтар өткесін, ұстаздар “Білім инновация” мектеп-лицейіне жиылды. Шараны осында қорытындылап, жаратылыстану пәндерін шет тілінде өткізуде туындайтын қиындықтардан бөлек ұтымды тұстарын да айтып, ой алмасты. Әбу Досмұхамедов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі Мадина Жағыпарова балаларға биологияны ағылшынша оқытып жүр. Бүгін әріптестерінен үйренгені көп.

Мадина Жағыпарова, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі:


– Мен ағылшын тілін меңгердім. Енді балаларға факультативті сабақ беремін. Қиыншылықтары да бар. Мысалы сабақ жоспарын ағылшын тілі мұғалімімен бірге жасаймыз.

Химия, биология, физика және информатика пәндерін ағылшынша оқыту жұмысы өңірде қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл ретте “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығында ұстаздар тіл меңгеріп жатыр. Тек В1, В2 деңгейін алғандар ғана сабақ беруге құқылы. Мұндай 18 мұғалім арнайы курстарды аяқтап сабақ беруге кірісіп кеткен.

Шарғия Мұқышева – СҚО білім басқармасы жанындағы білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры:


– Бүгін мектептерге барып, балалармен жолықтық. Оларға қаншалықты ұнайды, қиындықтар бар ма талқыладық. Меніңше қазіргі заманауи балалар алып кете алады.

Тағы 96 ұстаз тек негізгі А1, А2 деңгейін меңгерген. Олардың да оқушыларға биология мен физиканы шекспирдің тілінде түсіндіретін күні алыс емес.

Акбопе Танирберген