Құқық қорғау органдары

Қарашаның 3-ші жексенбісі – дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:


– Биыл өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 15 пайызға төмендеген.

Бір қатарға тізілген мына машиналардың арасында эвакуаторға тиелгендері де бар. Бұл жол-көлік апаттары салдарынан жарамсыз күйге түскен автокөліктер.

Акция теріскейліктердің назарын аударту үшін кешкі уақытта ұйымдастырылған. Шараға 40 жылдай көлік тізгіндеп жүрген Виктор Иванов та қатысты.

Виктор Иванов – Петропавл қаласының тұрғыны:


–  Менің эвакуаторда жұмыс істеп жүргеніме бірнеше жыл болды. Осы уақыт ішінде көліктердің соқтығысқан жерлерінен, талай рет жарамсыз машиналарды әкеткен болатынмын. Сондықтан, осындай шара арқылы барша жұртқа ережелерді еске салуға тағы бір мүмкіндік бар.

Акция соңында шараға қатысушылар көкке 33 шар ұшырды. Биыл жол-көлік оқиғасынан дәл осынша теріскейлік көз жұмған екен.

Эльмира Садвокасова