Спорт

Петропавлда ауыр атлетикадан облыстық турнир өтті

Эрик Әлібаев – ауыр атлетикадан облыстың бас жаттықтырушысы, бас төреші:

–  Біз осындай турнирлерді жылына 2 рет өткізіп отырамыз. Бұл дода салмақ дәріжелері 30 бен 105 келі аралығындағы зілтеміршілердің басын қосып отыр. Бүгінгі сайыста біз жеткіншектерді ауыр атлетика бойынша өтетін Қазақстан чемпионатына іріктейміз.

Тартысты додаға қатысушылар білек күштерінің мықтылығын байқатты. Кейбір жеткіншектер зілтемірді әп сәтте-ақ еңсерсе, кейбіреулерінің бұған күштері жетпеді.

Диана Мусайбекованың бұл спорт түріне ден қойғанына төрт жыл болыпты. Бойжеткен ауыр атлетикадан “спорт шебері” атағын иеленді.

Диана Мусайбекова – турнирге қатысушы, Уәлиханов ауданы:

– Қазір біздің облыста мен зілді 77-ші дәрежеде көтеремін. Маған қиын болса да, 1-ші орынға таласамын.

Сонымен қатар, шара барысында өңірімізде осы спорт түрінің дамуына сүбелі үлесін қосқаны үшін Эрик Әлібаев ауыр атлетикадан СҚО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды.

Жалпы сайысқа 110-ға жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша жүзден жүйрік шыққандар мақтау қағаздары мен кубоктерге ие болады.

Молдир Макишева