Білім

Гуманитарлық техникалық колледжге – 87 жыл

Геннадий Воробьев – Гуманитарлық техникалық колледждің студенті:


–  Ақылды үйдің ішіндегі жарықты ұялы телефон арқылы жағуға болады. Оған қоса жылуды да қосуға мүмкіндік бар. Ғимараттың қорғанысында қамтамасыз етеміз. Егер де үйге ұры түссе смартфонға ақпарат келеді. Әлі жұмыс жасап жатырмыз. Болашақта жобаны тұрғын үйлерде қолданамыз.

Жалпы, Гуманитарлық техникалық колледждің тарихы тереңде. Аталған білім ұясы 1930 жылы Ленинград қаласында мехникалық техникум болып құрылыпты. Ол жерде студенттер қорғаныс саласына қажетті, жарылғыш заттарды жасап шығару ісін меңгерген. Араға жылдар салып, ҰОС басталады. Тарихи оқиғаға байланысты оқу ордасы 42-нің күзінде Петропавл қаласында көшіріліпті.

Александр Мерк – Гуманитарлық техникалық колледждің директоры:

– Сол қиын кезеңге қарамай мехникалық техникум өз жұмысын Петропавлда жалғастырады. Ленинградтан келген 16 мұғалім жастарға білім берген. Олар студентерді 4 мамандық бойынша оқытыпты. Бертін келе колледжд болып құрылды. Ұзақ уақыт аралығында жұмысшы кәсіптің қыр-сырын меңгерген талай түлектер ортамыздан түлеп ұшты.

Жалпы, 87 жыл ішінде колледжді 50 мыңнан аса студент тәмамдапты. Оқу ордасында бір кездері Яна Дубинец те оқыған. Бойжеткен машина жасау мамандығын иегеріпті. Қазір ол өзі білім алған ұяда қызмет атқарып жүр.

Яна Дубинец – Гуманитарлық техникалық колледждің педагог-ұйымдастырушы:

– Менің атам, ағам осы колледжде оқыды. Сол себепті менде ойланбастан осында оқуға түстім. Білім алып жүргенде түрлі іс-шараларды ұйымдастыратынмын. Белсенділердің бірі болдым. Диплом алған соң колледж ұжымы мені осында жұмыс істеуге қалдырды. Қуана келістім.

Шара мерекелік концертке ұласты. Сахнада білім ұясының қыздары мың бұрала биледі.

Салтанатты шара барысында оқу ордасының түлектерін еңбекпен қамтыған жұмыс берушілер төс белгімен марапатталды. Ал, үздік студент Евгений Купренковқа “Мұнаймаш” АҚ мақтау қағазы табысталды. Жалпы, Қазіргі таңда Гуманитарлық техникалық колледжде 900-ден аса студент оқиды. Олар 14 мамандық бойынша білім алуда.

 

Байболат  Култанов