Балалар

СҚО әкімі кубогіне жайдарман фестивалі өтті

– Дәл қазір жастар сарайының сахнасында әкім кубогіне 11 команда таласуда. Олардың арасында Көкшетау мен Қостанай қалаларынан келген қонақ құрамалар да бар. Бүгінгі әзілдерге отан, достық тақырыптары арқау болуда.

Залда ине шаншар орын жоқ. Әзіл сүйер көрермен көптеп жиылған. Бүгін студенттермен қатар мектеп құрамалары да өнер көрсетуде. Классика құрамасының жайдарман сахнасында жүргеніне бірнеше жылдың жүзі. Олар өздеріне берілген 7-8 минутта халықты қыран-топан күлкіге кенелтті.

Айдана Нұрмұқанова- “Классика” құрамасының мүшесі, Петропавл қаласы:

– Классик құрамасы осы жайдарман ойындарын 3 жылдай ойнап келеміз осы 3 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жеттік. Біздің құрамада 5 ойыншы бар, әр ойыншының өз релдері бар. Бүгінгі ойында біз әрбәр көрерменге үлкен бір әсер сыйлаймыз деп ойлаймыз.

Бүгінгі халықтың сүйіктісіне айналған жайдарман ойындарын көрген де, көрмеген де арманда. Құрамалар бірінен бірі өтеді.

Есен Елеукен- Қазақстан КВН одағының президенті:

– Соңғы кездері әкімшілік тарапынан қолдау жақсы болғаннан кейін қазіргі кездері деңгейі көтеріліп қалды. Қай бағытр болмасын мектееп бағыты болсын, орта арнаулы оқу орындары болсын республикалық Торғай лигасының Республикалық ашық кубогіне Солтүстіктің командалары өнер көрсете бастады. Мұны бір жақсылықтың нысаны деп айтуға келеді.

Сахна сыртында да қарбалас. Мұнда Қостанай қаласынан келген Жаңа ғасыр құрамасы өз дайындықтарын пысықтап жатыр. Көрші өңірден келген мейман команда бұрын да республикалық, халықаралық квн ойындарында жарқ еткен. Бүгін көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін барын салмақ. Қоржындарында ауыл өмірінің тыныс тіршілігін суреттейтін әзілдері көп.

Жәнібек Жалғасов – “Жаңа ғасыр” құрамасының мүшесі, Қостанай қаласы:

– Негізінде біз команда құрылғаннан бастап әуенді топпыз. Яғни музыкаға бағытына жақынбыз сондықтан кейде әуенге жақын мән беріп, әуенді әзілдер ойнаймыз. Біздің ауылдың бағыттары негізінде ол күнделікті өмір тіршілігі, студенттік өмір, отбасылық жағдай, достар арасында болатын әңгімелер. Соның барлығы жалпы біздің әзілдерде қамтылады.

Бүгінгі ойынның тағы бір өзгшешелігі бар. Ол – саханаға шыққан ерекше балалар. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп интернатының “Бауырларым” құрамасы тәжірибелі құрамалармен қатар тұрып, әдемі ойын өрнегін көрсетті.

– Мінекей бүгін әкім кубогі келіп қалыпты. Осы Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың бес жаңалық квн командасына жан күйермін. Оларға тек сәттілік тілеймін.

Қазылардың талаптары қатаң. Алайда ұтымды әзілдерімен қазылар алқасының көңілінен шыға білген теріскейлік «Дарын стайл» құрамасы үшінші орынды иеленді. Екінші орынға Көкшетаудан келген «Күлесал» командасы тұрақтады. Жүлделі бірінші орынды «Жаңа ғасыр» Қостанай тобы еншілесе, бас жүлдені СҚМУ-ті қыздарынан құралған «Қызыл кент» құрамасы қанжығалырына байлады.