МТРА жаңалықтары

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында алқа отырысы өтті

Маргарита Сыскова – Шал ақын аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

– Шал ақын ауданында 30 хоккей корты жұмыс істейді. Олардың бәрі қысқы маусымға дайын. Соңғы рет қысқы спорттық жабдықтары 2015 жылы сатылып алынды. Олардың бәрі мектеп базаларында орналасқандықтан, тұрғындарға жалға берілмейді. Қазір ауданда тек 175 жұп коньки, 225 жұп шаңғы ғана бар. Олардың жағдайы қанағаттанарлық емес.

Кейін мінберге Петропавл қалалық дене шынқтыру және спорт бөлімінің басшысы Данияр Жолдаспаев шығып,есеп берді. Оның айтуынша, қазір шаһарда 36 хокей корты, 9 шаңғы базасы бар. Бәрінің жағдайы талапқа сай.

Данияр Жолдаспаев, Петропавл қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:



– Биылғы қыста Петропавлда 10 мұз айдыны, 9 шаңғы базасы жұмыс істейтін болады. Олардың бәрі маусымға дайын. Үстіміздегі жылы 5,3 млн теңгеге 250 жұп шаңғы, 300 жұп коньки сатып алынды. Биылғы қыс бірнеше спорттық іс-шараларды және тұңғыш рет қысқы футбол турнирін өткізу жоспарланған.

Алайда, әлі де атқарлуы тиіс жұмыс бір төбе. Мәселен, көпқабатты үйлердің аулаларында орналасқан 15 хоккей корты жұмыс істемей тұр. Мұз айдындарын жарықтандыру мәселесі де шешімін таппаған. Жиын қорытыныдысы бойынша анықталған кемшіліктер жайлы ақпарат аудан әкімдері мен қала басшысына жолданады.

Саят Ермек