Қоғам

Мемлекеттік қызметте орын алатын олқылықтар

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Кез келген кемшілік заңды дұрыс білмеуден басталады. Ол әдейі жасалып жатқан қателіктер емес. Сондықтан конкурс кезінде келеңсіздіктер болады, тиісті құжаттар өткізілмейді. Не өткізілген құжаттар ескі нұсқамен өткізіледі. Одан да басқа, тіртіптік жаза қолданған кезде мерзімдері сақталмайды. Сондай-сондай мәселелер бар.

Жиынға селекторлдық режимде аудандар да қосылған. Олар да өздері және әріптестері жіберген олқылықтардан құлағдар болып отырды. Айталық, Шал ақын ауданының ветеринария бөлімінде 2 жылдан бері басшы жоқ. Тек міндетін атқарушы ғана бар. Сонша уақыттан бері олардың неге байқау жарияламай жатқандығы түсініксіз. Тағы мемлекеттік қызметке енді орналасқандарға тәлімгер ретінде жұмыстан шығып кеткен азаматтар тағайындалып отырған. Яғни, бұл іс қағаз жүзінде ғана жүзеге асыпты. Кей органдарда қызметке енді кіргендерге сынақ мерзімі тіптен белгіленбепті.

Индира Баженова – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

 


–  Жыл басталғалы мемлекеттік қызметке енді кірген 149 маманға тәлімгерлер тағайындалған. Бұл жұмсытар Ақжар, Тимирязев және Қызылжар аудандары әкімі аппараттарында дұрыс жүргізілмепті. Ал Айыртау ауданындағы биыл жұмысқа тұрған 4 мемлекеттік қызметшіге тәлімгерлер тағайындалмаған. Ал олар жаңадан еңбек етуге келгендерді үйретуі тиіс еді.

Тағы мемлекеттік автокөлік мінген басшыларымыз әлі күнге дейін қызметттік темір тұлпарын мақсатсыз пайдалануын тыйар емес. Ондай 16 факті тіркелген. Және мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты біткен соң да кабинеттерінің жарығы өшпейді. Яғни, олар кештетіп қалып, шаруасын тындырады. Мұндай заңнамаға қайшы әрекеттер болмауы тиіс дейді департамент мамандары. Олар осыған дейін рейдтік шаралар да ұйымдастырыпты. Алдағы уақытта оны жалғастыруды көздейді.

Мағжан Ахмадина