Білім

Түлектерге Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу тәртібі түсіндірілді

Никита Мархалюк – Петропавл қалалық ТЖБ инженері:

– Біз талапкерлерді Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге үгіттеп жатырмыз. Бұл оқу орны азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды, яғни, өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды даярлайды. Мамандықтар саны үшеу. Отырыста оқушыларды институтқа түсу тәртібі және қойылатын талаптармен танысытырудамыз.

Көкшетау техникалық институтының курсанты атану үшін әр бозбала 4 кезеңнен тұратын іріктеуден өтуі тиіс. Мұнда талапкердің ҰБТ немесе ТКТ нәтижелері, денінің саулығы, физикалық дайындығы ескеріледі. Оқу мерзімі 4 жыл, білім беру толығымен мемлекет қаражат есебінен жүргізіледі, шәкіртақы да қарастырылған. Тағы бір маңызды жәйт, курсант аталған оқу орнына Солтүстік Қазақстаннан түссе, дипломы қолға тиген соң оны дәл осы аймаққа қызметке жіберіледі. Жалпы, сапалы маман боламын деушілерге барлық жағдай жасалған. Талапкерлер болса, спикерлерді мұқият тыңдады. Азаматтық қоғаныс саласына бет бұрам деушілер де жоқ емес.

Родион Разумов – Петропавл қалалық №9 орта мектебінің 11 сынып оқушысы:

– Мен биыл мектеп тәмамдаймын. Әлі де таңдауымды нақты бір кәсіпке тоқтатқан жоқпын. Сондықтан бүгінгі қонақтарды мұқият тыңдадым. Өрт сөндіруші, құтқарушы мамандадықтары мені қызықтырды, жасалатын жағдайлар да көңілге қонымды. Құжаттарымды тапсырып көремін.

Отырыс диалог форматында өтті. Талапкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды, ал төтенше жағдайлар басқармасының мамандары оларға тұшымды жауап берді.

 

Саят Ермек