Қоғам

Петропавлда Ямал маусымы өтті

Ирина Юн, Ямал-Ненец автономиялық округінің тұрғыны:

– Дастарханда дәстүрлі тағамдарымыз қойылған. Бұл қақталған бұғы шұшығы, еті қойылған. Шортан балық пен оның уылдырығын әкелдік. Балық аулап, бұғы шаруашылығымен айналысады. Бұл әр отбасының дастарханында табылады. Оны қыста қатырып, жазда қақтайды.

Ямал-Ненец автономиялық округінде тұратын 550 мың халықтың тек 150 мыңы ғана жергілікті ненец, селькуп және хантылар. Меймандардың айтуынша дәл осы ұлттардың көбеюіне баса назар аударылған. Бүгін петропавлдықтар тек олардың астарынан ғана дәм татып қоймай, шұға матадан бастырылған ұлттық киімдерін де киіп көрді.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Менің үстімдегі костюм ямал қызының ұлттық киімі. ягушка деп аталады. Арктиканың 50 градустық аяздарына пана болады. Қоса кетейін, мұндағы мынадай бұғы мүйіз, қашып бара жатқан бұғы сынды оюларға қарап ямал қызының тұрмыста болмаса, болашақ жарын іздеп жүргенін аңғаруға болады.

Ямал-ненец халқының салт-дәстүрі мен тыныс тіршілігін үлкен қызығушылықпен тамашалады. Қалалары біздің ауылдардың үлкендігіндей-ақ екен. Көбіне халқы шалаш үйді құрып тастап, бұғыға ық болар, балығы көп жерлерге қарай ығысып көшіп жүре беретін көренеді. 2011 жылдан Ямал-Ненец автономиясы мен Солтүстік Қазақстан облысы арасында тығыз байланыс орнаған.

Елена Рудовская, Ямал-Ненец автономиялық округының үкіметі басшысының орынбасары, Қорған облысы:

– Бүгінгі шара арқылы халықаралық Ямал маусымын қорытындылаудамыз. Бұл жоба Петропавлда бір жыл бойы өтті. Нәтижесінде екі өңірдің жастары кездесті, екі тарап “Қазақстан-Ресей – достықтың қос қанаты” халықаралық гуманитарлық жобасын өткізді.

Петропавлға Ямал түбегіннен 11 адамнан тұратын делегация келген. Жиында екі өңір арасындағы әріптестік пен достықты нығайтуға үлестерін қосқан азаматтардың еңбегі еленді.

Акбопе Танирберген