Балалар

Облыстық өзін-өзі басқару ұйымдары көшбасшыларының слеті өтті

Ирина Тухватулина – СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:

– Бүгінгі слет пленарлық отырыстан басталмақ. Кейін, қатысушылар 3 алаңға бөлініп, өзекті мәселелерді талқыламақ. Оның алғашқысында орта білім беру мекемелері директорларының орынбасарлары қазіргі жастар арасындағы маңызды сұрақтар жайында әңгімелеседі. Оларды шешу жолдарын қарастырмақ. Ал, келесі алаңқайда студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары көшбасшылары бас қосады. Тағы, бүгін жастар ресурстық орталықтарының төрағалары да кездесіп, алдағы уақытта өзара бірлесе жұмыс істеу туралы жоспар құрмақ.

Бүгінгі слетке “Серпін сардарлары” бірлестігінің өкілдері де қатысып отыр. Қазіргі таңда аталған ұйым мүшелері өңір аумағында басқа да әріптестері сияқты белсенді жұмыс атқаруда. Олар “Серпін” мемлекетттік бағдарламасы бойынша теріскейде білім алып жүрген жастар арасында түрлі іс-шаралар өткізеді. Жақында “Мені шыңдаған Серпін” байқауын ұйымдастыруға ат салысыпты

Әсел Мығымбаева – “Серпін сардарлары” бірлестігінің мүшесі:

– Жақында “Аламан” фестивалі арасында “Мені шыңдаған Серпін” байқауын өткіздік. Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінде білім алатын жастар қатысты. Оларды жақсы қарсы алып, шығарып салдық.

Жиын соңында өңірдегі әрбір білім беру мекемесімен жұмыс істейтін студенттік өзін-өзі басқару қауымдастық құрылмақ. Жаңа бірлестік жастар арасында түрлі шаралар өткізіп, туындаған мәселелердің шешілуіне көмек көрсететін болады.

 

Култанов Байболат