Аптадағы маңызды жаңалықтар

Кәсіпкерлікке көп көңіл бөлінген

Данара Оразалинова – «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ бас сарапшысы, Астана:

– Кез келген істі жүргізгенде тың дүниелерді енгізіп, жаңғырту шараларын жасау маңызды. Бірақ, осы кезде еңбекерлердің әлеуметтік жағдайын да назардан тыс қалдырмаған абзал. Мұндай жұмыстарды жасағанда да мемлекет қолдау көрсетеді. Инвестициялық қаржының бір бөлігін де мемлекет өз мойнына алып отыр.

Бүгіндері сырттан инвестиция тартудың да маңызы зор. Шетелдің қалталы азаматтары қаржы құйып, бізде іс ашуға дайын болса, оларға да көмек көрсетілмек.

Станислав Чукуев – «Kazakh invest» ҰК» АҚ СҚО бойынша директорының орынбасары:

– Индустрияландыру бағдарламасының басымдығы сол, инвесторлар корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан 10 жыл мерзімге босатылады. Ал мүлік салығын 8 жыл төлемеуге болады. Бұл қолдау елге келген шетелдік бизнесмендердің ісін бір жолға қоюға мүмкіндік береді. Тағы олар кедендік баж салығынан босатылады. Және олар үшін түрлі гранттар беріледі. Ол да бизнесті кедергісіз бастауға сеп болмақ.

Жалпы семинар өңірімізде екі күнге жалғасады. Ертең оған қатысушылар алған теорияны практика жүзінде шыңдап көрмек. Шараның қортындысы боынша сертификаттар табысталатын болады.

 

Магжан Ахмадина