Білім

Жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие

Анастасия Леонова – Петропавл құрылыс экономикалық колледжінің 1 курс студенті:

– Берілген материалды қабырғаға жағуды және тегістеуді үйрендім. Сыртқы және ішкі бұрыштарды қалай шығару керектігін де меңгеріп жатырмын. Бүгіндері менің мамандығым сұранысқа ие. Және оқуды бітірген соң жұмыс табуда қиындық туындамайды деп ойлаймын.

Настя сылақшы мамандығына оқып жүрген жалғыз нәзік жанды емес. Тобында тағы 10 қыз бар. Және 8 ұл бала оқиды. Олардың барлығы тегін біліммен қамтылған. Олардың қатарына Жеңіс Саткенов те қосылған. Ол тек сылақшы емес, дәнекерлеуші.

Жеңіс Саткенов:


– Ауылда жүргізуші болдым. Кейін қалаға көшіп келдім. Жұмыспен қамту орталығына барып, олар осындай бағдарлама бар екенлігін айтты. Содан осында екінші мамандыққа оқып, келешекте жақсы жұмыс табамын деген ойдамын. Дәнекерлеушілер көп іздейді.

Міне, мынадай оқшауланған кабинкаларда болашақ мамандар темірді дәнекерлейді.

Қателіктері болса, қасындағы ұстаздары көмектесіп, ылғи кеңесін беріп жатады. Колледжде білім алатын барлық жұмысшы мамандықтарында солай. Оқытушылар студенттерін жіті қадағалап, олқылықтарын айтып отырады. Ал мына бір цехте ұсталар ағаштан түрлі бұйымдар жасап жатыр. Әзірге, жеңіл заттар киім ілгіш пен орындықтар жасауда. Жалпы бұл колледжде 1343 студент күндізгі бөлімде білім алса, соның 1036-сы тегін біліммен қамтылған. Бүгіндері өңірде тегін біліммен 12 мың 260 адам білім алуда. Олардың 3,5 мыңнан астамы биыл қабылданса, 2541-і жұмысшы мамандықтарға оқытылып жатыр.

Владимир Ткаченко – СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

 


–  Оған сай оқу бағдарламасы 3 бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші бағыт жергілікті бюджет арқасында. Яғни, жұмыс квалификацияларын беруге мемлекеттік тапсырыс арттырылды. Сөйтіп, 2025 студент оқып
жатыр. Ол өткен жылмен салыстырғанда 960 адамға артық. Екінші бағыт республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ол жұмыссыз қалған адамдар, 9-11 сыныпта оқуға түсе алмаған, тағы аз қамтылған отбасылар мен жетімдер үшін мамандық алуға үлкен мүмкіндік. Бұл жерде 426 адам қамтылған.

Ал 3-ші бағыт бойныша 2068 адамға мамандық алуға мүмкіндік туып отыр.

Риат Шони