Құқық қорғау органдары

Жол ережелеріне жаңашылдықтар енгізілді

Ал, бұндай белгі болмаған жағдайда, темір тұлпарды тізгіндеген қазақстандықтарға 3 АЕК көлемінде, яғни 6807 тенгені құрайтын айыппұл салынатын. Алайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі қарашаның 11-і бекіткен ереже енді оны талап етпейді. Жаңашылдықтарға сай, белгіні жерлестеріміз өз қалауынша бекіте алады.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– Ережеде көлікті тоқтатқан тәртіп сақшыларының міндеті толық жазылған. Аталған жағдайда машинада отырған жолаушы полиция қызметкерінің рұқсатынсыз, көліктен шыға алады. Ал, мотоцикл жолаушылары болса, шлем киюге міндеттелді. Сондай-ақ, қазақстандықтарға автоаэрография жасауға жол берілді. Бұған қоса, ережеге “қауіпті жол”, “кептеліс”, “бақылау” сынды жаңа жол белгілері де енгізілді.

Бұл ағымдағы жылы жолда жүру ережесіне енгізілген осымен екінші өзгерістер. Осыған дейінгі жаңашылдықтар шілде айында орын алған болатын. Түзетулер бағдаршам алдындағы сызықты басып тұрған көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемін азайту мен жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайта емтихан тапсыру міндетінің жойылуын қарастырған. Сол кездегі жаңашылдықтарды теріскейліктер барша қазақстандықтар сынды оң қабылдаса, бұл жолы халық пікірі әр түрлі болды.

–  Барлық қабылданып жатқан ережелер халық үшін. Мен оны қолдаймын.

– “Ш” әрпімен белгілеуді қайта енгізу қажет. Мен бұл бастаманы құптамаймын. Бұрындары, алдында келе жатқан машинаның тежелу жолы қысқа екендігін білгендіктен, абайлап жүруші едік.

– Жол ережелері осыған дейін бірнеше рет өзгерді. Теріс жақтарын байқамадым.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, жаңадан енгізілген бұл ережелер жолдағы жағдайды бірқалыпты ұстауға септеседі.

Эльмира Садвокасова