Денсаулық сақтау

Сапалы логопедтік, дефектологиялық және психологиялық қызмет көрсететін орталық

Радмир Сабитов:


– Біз мұнда дем алып жатрмыз. Маған бөлме қатты ұнады. Бүгін бірінші рет бұл сеансқа келдім. Басында кішкене ашулы болатынмын, қазір көңілім жайланды.

Сенсорлық бөлмедегі атрибуттар мен ойыншықтар балалардың босаңсып, өзін еркін ұстауына септеседі.

Ал мына үлкен экрандағы түрлі бейнелер мен анимациялар мидың ақпаратты қабылдау мен өңдеу қабілетін дамытады.

Кристина Чистякова – сөйлеу тілін дамыту орталығының психологы:


– Сенсорлық терапия баланың өзіне деген сенімін арттырады және ақпаратты қабылдай білу қасиетінің дамуына септеседі. Бұл мектеп табалдырығын аттайын, ота жасатуға әзірленген балалар үшін өте пайдалы.

Ал бұл – биоакустикалық түзету қондырғысы. Жуырда сатылып алынған. Оны ресейлік ғалымдар ойлап тауыпты. Заманауи аппарат баланың сөйлеудегі кемшіліктері мен психологиялық ақауларын басқа орнатылған тетіктердің көмегімен миға іштей әсер ету арқылы емдейді. Бала миының белсенділігін қондырғыға қосылған ноутбук экранынан байқап отыруға болады.

Бұл игіліктердің бәрін Елена Петрованың сөйлеу тілін дамыту орталығы өз жұмысында белсенді пайдаланады.

Елена Петрова – сөйлеу тілін дамыту орталығының директоры:


– Біздің орталық-үлкен кешен. Мұнда сөйлеу тілін дамыту, түрлі физиологиялық және психологиялық дефектілерді емдеу шаралары жүргізіледі. 10-ға жуық қызмет көрсетеміз. Бұл үшін қажетті қондырғыларлың бәрі бар, ал емдеу бағадарламасы әр клиент үшін жеке-жеке ойластырылады.

Дефектолог, логопед, психолог қызметтері, құм терапиясы және көпке мәлім француздық “ТоматИс” әдісі – мұнда қызметтің оннан аса түрі көрсетіледі. Жуырда орталықта игі акция бастау алыпты. Мекеме мамандары даун синдомымен ауыратын балалар үшін тегін қызмет көрсетіп жүр. Бүгін 12 жасар Татьяна аталмыш акция аясында орталыққа 8-ші рет келіп отыр. Анасы қызының бойындағы оң өзгерістерді бірінші сеанстан кейін-ақ байқаған.

Анастасия Щвец – ата-ана:


– Баланың сөздік қоры ұлғайды, өз ойын нақты, дұрыс құрылған сөйлемдер арқылы жеткізе бастады. Көңіл-күйі бұрын бір сәтте-ақ өзгеріп шыға келетін, қазір бірқалыпты, өзін сабырлы, салмақты ұстайтын болды.
Сабаққа деген зейіні де арта бастады.

Елена Петрованың сөйлеу тілін дамыту орталығы жоғарыда аталып өтілген бағытттарда кешенді қызмет көрсететін шаһардағы жалғыз мекеме. Қазір мұнда сөйлеуде және мінез-құлқында түрлі ақаулары бар 40-қа жуық бүлдіршін ем-дом алуда.

Саят Ермек