Бизнес және экономика

Қарашаның 15-і теңге күні

Кейін 1993-ші жылы 12-ші қарашада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Ал төл теңгеміз айналымға тура үш күннен кейін енді. Сөйтіп, қазақстандықтар 15-і мен 20-шы қараша аралығында ескі ақшаларын жаңасына айырбастады.

Мираш Жұмашев – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры:

– Ақшалар жасырын түрде әкелінді. Біз өзімізде соңғы уақытқа дейін көрген жоқпын. Валюта Англияда басып шығарылды.

Ұлттық валютаны шығарумен жоғары санатты дизайнерлердің арнайы тобы айналысты. Олар: Меңдібай Алин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов пен Хайрулла Ғабжалимов. Бұл жандардың алдына басты міндет қойылды. Төл теңге тарихымыздан сыр шерту қажет. Сөйтіп, қағаз банкноттардың беткі жағында әл-Фараби, Абылай хан, Абай6 Шоқан сынды тұлғалар бейнеленді. Айта кету қажет, ұлттық валютамыз айналымға енер алдын еліміздің алтын-валюта резерві аз болған.

Мираш Жұмашев – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры:

 

– 1993-ші жылы 970 млн-ға жақын алтын-валюта резервіміз болды. Ал қазір Ұлттық банктің бір өзінде 32 млрд долларды құрайды.

Теңгені енгізу ел ішінде құпия операция болды. 24 жыл ішінде ұлттық валюта бірнеше рет девальвацияға да ұшырап, доллар, рубль, еуроға қарағанда құндылығы төмендеді. Дегенмен де бүгінде өңір тұрғындарының теңгеге деген сенімділігі жоғалған емес. Қазіргі таңда теріскейліктердің ұлттық валютада 130 млрд депозиті бар. Ал, берілген несие көлемі – 107 млрд теңге.

Риат Шони