Бизнес және экономика

Өңір студенттері бүгінгі валюта жағдайын талқылады

Қуаныш Мәметов – СҚО Жастар саясаты басқармасының жастар ресурстық орталығының директоры:


–  Бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі – мұнай бағасының шарықтауы болып табылады. Осыған байланысты да доллар бағамы өсуде. Алайда, әлемдік жүйелердің қаржы дағдарысына ұшырауына қарамастан қазақстандық теңге бірқалыпты деңгейде деп айта аламыз. Ұлттық Банк әрдайым оның тұрақтылығын сақтауға тырысуда. Осы отырыста да бірінші деңгейлі банк өкілі жастарға дүние жүзінде орын алып жатқан жағдайдан қалай шығуға болатынын баяндайды.

Әділхан Желдібаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті. Қаржы мамандығы бойынша білім алып жатқан азамат еліміздің төл валютасының тарихын да, оның экономикада алар орнын да жақсы біледі. Болашақта жас жігіт теңгенің нығаюы үшін ат салысамыз деп отыр.

Әділхан Желдібаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:


–  Бүгін еліміздің валютасының қабылданғанына 24 жыл толып отыр. Бұл – Қазақстан тарихындағы айшықты оқиғалардың бірі.

Сондай-ақ, жиын барысында Ұлттық банктің жергілікті филиалының маманы студенттерге ақша үнемдеп, қаражатты жинаудың бірнеше амалын айтты.

Эльмира Садвокасова