Қоғам

Өлкетанушы Михаил Бенюхтың туғанына 100 жыл

Ол кездері қалада қазіргідей самсаған ұлттық тәрбие көзі саналатын ақын-жазушылардың мүсіні қасқайып тұрмайтын. Жамбыл Жабаевтың ол ескерткіші қазір қалалық классикалық гимназияның маңында орналасқан. СҚ Мемлекеттік архивіндегі Михаил Бенюхтың атындағы қорда мынадай 357 құжаты бар. Оларда облыс ауылдарының құрылу тарихы, орналасуы мен қаладағы нысандар жайлы жазылған. Архив қызметтері өлкетанушының өз қолымен жазған құжаттарын тек лупаның көмегімен оқиды екен. Тарихшының қолынан қалам ғана емес, фотоаппарат та түспеген екен.

Мереке Баймұқанов, Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік архивінің бөлім басшысы:


–  1947 жылы Петропавлға көшіп келіп. 50-ші жылдан облыстың өлкетануымен айналысады. 01:47 Осы қорға көп өлкетанушылар келіп, соған сүйеніп өз еңбектерін жазады. 03:32 біздің облыста көп оқушылар бар бізге ол кісі туралы мәліметтерді солар береді.

Солтүстік Қазақстан орталығының Петропавл аталуы төңірегінде де көп дау-дамайдың жүретіні рас. Өңірде өлкетанушылар көп. Бірақ, Михаил Бенюх қала негізінің қалануын дұрыстап жіктеп, шаһардың сол кездегі картасын Омбы архивінен суретке түсіріп әкеліпті. Мына картада Ойқала ауданында орналасқан Әулие Петр қамалы көрсетілген. Кейін қала атауы берілгенде Петропавл болып шыға келген. Көп тарихшылар өз еңбектерінде осы материалдарға жүгінеді.

Асылжан Нұрахметов, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің оқытушысы:

– Өлкетанудан сабақ беремін. Барлық уақытта осы кісінің материалдарын пайдаланамын.

Бенюх Михаил Ивановичтің дүниеге келгеніне биыл – 100 жыл. Ресейде туып, кезінде Қазақстанға мұғалім болып келген жігіттің өлкетануға көңілі ауған. Бүгінгі көрмеде тарихшының қолжазбалары мен мақалалары қойылған. Сәбит Мұқановпен бірге түскен суреті, аттестат, диплом, мақтау қағаздары да көпшілік назарына ұсынылды.

 

Акбопе Танирберген