Қоғам

Халық аузында латын әліпбиі

Қуаныш Маметов, СҚО ІСБ жастар ресуртық орталығының басшысы:

– Біздің түркі түпті көрші елдер арасында бүгінгі латын қарпі көп пайдалынылады. Олармен ортақ сөздер, ұғымдар көп. Бұл ретте қазақ тілінің де дәл осы әліпбиге көшкені халқымыз үшін көп пайдасын берер еді.

Дәл осы графика негізіндегі әліпби сонау 1929 жылы жасалған екен. 40 жылдарға дейін қолданылған. Ал, биыл тіл мамандары әліпбидің бірнеше нұсқасын ұсынды. Петропавлда 14-29 жас аралығындағы 121 мың тұрғын бар. Бұл жалпы халықтың 21 пайызын құрайтын қыз-жігіттер. Жастар саясаты жөніндегі басқарма мен жастар ұйымдары олардың бұл жаңашылдықпен танысып, ел болашағы үшін маңызын түсіндіруде еңбектеніп-ақ жүрген көрінеді.

Ирина Тухватулина, СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:

– Біз түрлі шаралар өткізудеміз. Мысалы фотоакция бар. Латынды қолдаймын хештегімен суретке түсіп, әлеуметтік желілерде жариялайды. Флешмобтар бар. Жастар арнайы бағдарлама арқылы өз есімін латын әліпбиімен жазады. Тарихты біліп, бұрын латын қаріптерін қалай қолданғанымызды көрулері үшін музейлер мен архивке экскурсия жасатамыз.

Тағы көпке үлгі болғысы келген СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бірінші болып өз сайтын латын әліпбиінде жүргізіп жүр.

 

Акбопе Танирберген