МТРА жаңалықтары

“Қазақстан-Петропавл” арнасы “QYZYLJAR” болып ауысты

Мадияр Қожахмет – СҚО әкімінің орынбасары:

– “Қазақстан-Петропавл” “QYZYLJAR” болып ауысып, жақсы жаңалық орын алып жатыр. Арна ұжымына көрермендерін жаңа жобалармен қуанта берсін дегім келеді.

Бұл ребрендинг Ұлттық арнада 28-ші тамызда басталған. Өзгеріс аясында “Қазақстан” деген жазу латын қарпіне ауысты. Бұған қоса аймақтардағы филиалдар халық ауызындағы тарихи жер-су атауларына ауысты. Яғни, бұрынғы “Қазақстан-Павлодар” – “ERTIS”, “Қазақстан-Қарағанды” – “SARYARQA”, ал “Қазақстан- Петропавла” – “QYZYLJAR”-ға айналды.

Ержанар Әшейхан – “Қазақстан” РТРК АҚ аймақтық хабар таратуды дамыту департаментінің директоры:

– Аймақтардың өзіндік хабар таратуы 50-де 80 болып тұр. Соны арттыру жоспарда бар. Тағы республикалық деңгейде жобалар әзірлеу міндеті тұр.

“QYZYLJAR” телеарнасы 17 сағат хабар таратады. Бұған дейін көгілдір экранға 4х3 форматында шыққан арна енді жаңа маусымда кең масштабты 16х9 пішімге көшті. Қазіргі таңда шығармашылық ұжымның еңбегін өңір тұрғындарының 98 пайызы көреді. Бүгін арнадағы тың дизайнда сүйікті көрермендерге таныстырылды.

Облыстық арна осы күнге дейін 35 бағдарлама әзірлеп келген. Жаңа маусымда оның үстіне тағы 11 жоба қосылды. Соның бірі “Туған жер” бағдарламасы. Оның тізгінін ұстау “QYZYLJAR” арнасында үш жылдай еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі тілші – Аяулым Жолмұқановаға бұйырыпты.

Аяулым Жолмұқанова – облыстық “QYZYLJAR” телеарнасының тілшісі:

– Менің бағдарламам айына екі рет шығады. Бұнда өңіріміздің киелі де қасиетті жерлері жайында бейнематериалдар әзірленеді.

Облыстық “QYZYLJAR” телеарнасы бұл өзгеріспен тоқтамақ емес. Алдағы уақытта өз көрермендерін тың жобалармен де қуантпақ ойда.

 

Риат Шони