Мәдениет

“Ритм” би тобы Елордада өткен халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Сондықтан, 2016 жылы мектепте би үйірмесі ашылғанда, бірден қатысуға ниет білдірген. Бұл бойжеткеннің алғашқы халықаралық фестивалі. Сол себепті қатты қобалжығанын жасырмады.

Ділназ Уатай – “Ритм” би тобының бишісі:


– Біз осы конкурсты көп тостық. Бәріміз өзара достасып кеттік.

Қарашаның 5-і өткен байқауда жас өнерпаздар “Балет хореографиясы” және “Әлем халықтарының биі” номинациялары бойынша өнер көрсетті.

“Өнерлі өрде озар” демекші жас бишілер алдарына қойылған мақсат-міндетті бұлжытпай орындап шықты. Ересектер тобындағы өнерпаздары қарсыластарының алдын орап, 1-ші орын алса, орта құрамның балғындары қанжығасына 2-ші орынды байлады. Жалпы аталмыш би тобының құрамында 60-тан астам бала бар. Ұжым көбіне қазақ ұлттық билерін, классика, хип-хоп жанрына басымдық береді.

Татьяна Шульгина – “Ритм” би тобының жетекшісі:


– Бұл фестивальге біз 3 ай көлемінде дайындалдық. Ересек және орта топтан құралған 17 өнерпаз өнер
көрсетті. Халықаралық сайыс болғандықтан, Ресейдің Омбы, Қорған қалаларынан және Қырғызстаннан келген ұжымдар да болды. Жалпы 100-ге жуық бишілер бақтарын сынады.

Бұл фестиваль жас бишілер үшін үлкен тәжірибе болары анық. Қазір олар наурыз айында Алматы қаласында өтетін байқауға дайындалып жатыр.

Молдир Макишева