Қоғам

“Мені шыңдаған серпін” республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері мараптталды

Сөйтіп, өздерінің қарым-қабілеттерін байқап, деңгейін өзгелермен салыстыруға мүмкіндік алды. Қарсыластарын жаңа қырынан байқап, ізденіске ұмтылыстары артты. Себебі болдым, толдым деген адамның алысқа бармайтынын олар жақсы біледі. Техникалық мамандықтарды игеріп жатқан студенттерді сала майталмандары бірнеше крийтерилер бойынша сынады.

Елена Долгушина – қазылар алқасының мүшесі:


– Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Біріншісінде практикалық тапсырмалар болды. Оны орындаған үміткерлерді өндіріс ошақтарынан шақыртылған тәуелсіз сарапшылар бағалады. Екінші кезеңде үміткерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оларды төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сынады.

“Мені шыңдаған серпін” республикалық кәсіби шеберлік байқауында үміткерлер аспаз, құрылысшы, мал дәрігерлері, азық-түлік өнімдерінің технологиясы бағыттарында бақтарын сынай алды. Сайысқа қатысушылардың бірі Ілияс Қасымхан шахтерлардың жұмысын жеңілдеткісі келеді. Ол көмірді жердің астынан жоғары көтеретін құрылғыны ойлап тауыпты. Бұл жобасын қазылар жоғары бағалап, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіннің студентіне
І орын берді.

Ілияс Қасымхан – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті:

– Шахтада үйкеліс күші көп. Мен көмірді жоғарыға сым арқандармен емес электр магниттік өріс арқылы көтеруді ұсынамын. Оның тиімділігі көп.

Ілияс Қасымхан алдағы уақытта осы жобасын сарапшылардың мен ғалымдардың сынағынан өткізіп, қолданысқа енгізуді көздейді.

Марапаттау салтанатында ІІ-орын алғандарға да медальдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Әділет Алтынбек байқауда автомеханик мамандығы бойынша сынға түсті. Талапты жас қазіргі таңда негізгі мамандығымен қоса ағылшын тілін меңгеруде. Келешекте “Болашақ” бағдарламасы аясында шетелде білімін жетілідіріп, отандық автопромды дамытуға үлес қоспақшы.

Әділет Алтынбек – Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің студенті:

– Байқау барысында көлікті оталдырдық, автокөлікті жөндедік. Соңғы екі кезеңде төмен балл жинап, екінші орынға іліктім.

Техникалық мамандықтарды бойжеткендер де игеріп жатыр. “Мені шыңдаған серпін” республикалық кәсіби шеберлік сайысында қыздар жігіттерден қалыс қалмады. Гузал Налтаева еңбек нарығында қашан да жоғары сұранысқа ие мамандық түрін салмақтап таңдапты. Электрші болсам, қай жерде жүрсем де наннымды тауып жей аламын деген ойда.

Гузал Налтаева – Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенті:

– Жарыс қиын болған жоқ. Өзіме таныс тапсырмаларды орындадым. Ұлдар менен басым болар ма деп едім. Алайда олай болған жоқ.

Бұл жастар бірнеше жылдан соң арнаулы орта, жоғары білім алып, жұмысшы мамандардың қатарын толықтырмақ. Алматы, ОҚ, Қызылорда облыстарынан “Серпін” бағдарламасымен келген жастар болашақта жұмыс күші аз Солтүстік аймақтарда қалып, еңбек еткісі келеді. Олады тұрақты жұмыспен қамту жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

Берік Қасен