Аптадағы маңызды жаңалықтар

Челябіде Ресей және Қазақстан президенттері қатысуымен өңіралаық форум өтті

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:


– Наше межрегиональное сотрудничество основа приграничного сотрудничества, которое не смотря на трудности растет. Последние 9 месяцев товарный оборот между нашими странами возрос на 31%.

Биыл шара өткізгелі отырған орын да ерекше. Тоқтап тұрған зауыт ғимараты. Келер жылы іске қосылатын жаңа “Орыс электр қозғалтқыштары” зауыты бүгін үлкен келіссөз алаңына айналды. Қазір “Трансшекаралық және аймақаралық әріптестік” тақырыбындағы панельдік сессия өтуде. Жүздеген келісімдерге қол қойылды. Аймақтардағы тұрмыс деңгейінің артуына әсіресе шекаралық қарым-қатынастың тигізер пайдасы мол. Бұл ретте бүгінгідей форумдар қос ел арасындағы әріптестік аясын кеңейтіп, қарым-қатынастарын нығайта түспек.

Виталий Гудин, РФ Экономикалық даму министірлігі сыртқы экономикалық даму және реттеу ісі департаментінің директоры:


– Біз бір елде тұрдық, экономикамыз да ортақ болды. Сондықтан да, 25 жылда көзқарастарымыз айтарлықтай өзгерді деп ойламаймын. Экономика бағытында, еуразиялық одақ және білім-ғылым саласында байланыстарымыз бар.

Форум ауқымды әрі ақпаратқа толы. Дөңгелек үстел басында қазір және болашақта әр түрлі саладағы мәсселерді шешу жолдары айтылуда. Адам капиталының феномендері тақырыбы ерекше талқыға ие. Тұлғаның ақылы мен еңбекке қабілеттілігі – ілгерілеудің негізі. Бұл ретте білімнің рөлі басым. Қандай мамандықтар сұранысқа ие? Еңбек нарығының сұранысына қарай заманауи әлемнің талаптарын да ұмытпау керек. Мұндай тұжырымды негізге алған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жасыл экономиканы дамытуда бірқатар шаруаларды оң жолға қойған.

Әмірхан Темірбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми-технологиялық паркінің директоры:

– Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ресейдің униферситеттерімен жақсы қарым қатынаста. қазір меморандумға қол қоямыз.

Қазақстандық білім саласында қабылданған өзге де жаңашылдықтар көрмеде көрініс тапты. Мұнда 8 ЖОО-ның өнертабысы жайғасқан. Қазір еліміз жаңғырту жүйесі аясында шешім қабылдауда батыл қадамдарға барып, тың тәжірибелер жасауда. Сандық жүйені енгізу сияқты бұл тәсіл де оң нәтижесін беріп отыр.
Бүгінде мұндай жаңашылдық күллі Ресейді қамтыған. Мысалы үй иесінің күнделікті өмірін айтарлықтай жеңілдететін Ақылды баспана да тек қиялдағы мекен емес екен. Бұл жобаның технологиясымен ресейліктер қуана бөлісті.

Владислав Сюркаев, «Ростелеком» ААҚ “Орал” макроаймақтық филиалы жобалар директоры:

–  Бұл салада еңбектенгенімізге бір жыл болды. Көбіне жеке компаниялармен жұмыс істейміз. Қазір сандық жүйе трендіне көп компаниялардың қызығушылық танытатынын аңғардық. Жақында сіздерге ЭКСПО-ға келгенде тәжірибемізбен алмастық. Қазақстанда біздің өнертабысымызды жоғары бағалағандар көп болды. Мұндай ақылды технология ендігі Астанада жүзеге асырылуда.

Техника, тарих, кәсіпорындар. Көрме үлкен әрі қызықты. Мәдени мұра да ұмыт қалмаған. Зауыттың қақ төріне киіз үй тігіп қойған Қазақстан ұлттық нақышын да көрсетті.
Еліміздің киелі жерлері мен мәдениетімен де осы жерде танысуға болады. Солтүстік Қазақстанның да көрсетері көп. Оны ресейліктер жақсы біледі. Себебі, көршілеріміз өңірге ең көп келетін қонақтардың қатарында.

Құралай Жарова, СҚО туризм және кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

– Біздің өңірде балық аулау туризмі дамуда. Жастар туризмін дамыту жолдарын қарастырып жатырмыз. Туристерді көптеп тарту үшін, туристік топтармен алмасып, тәжірибемен бөлісу мақсатында шекаралас аймақтармен тығыз қарым қатынас жасаймыз.

Енді бұл тізімге Челябі облысы да еніп отыр. Форум аясында тараптар меморандумға қол қойды. Бұл құжат туризмді дамытуға септеспек.

СҚО кездесуде мұндай келіссөзді Омбы облысымен де жасаты. Бизнес-серіктестер әрі қарай да тәжірибе алмасатын болады.

Александр Бурков, Омбы облысының губернаторы:


– Әріптестік жөніндегі құжатта түрлі шаралардың нақты жоспары бекітілген. Биыл бұл қатарға – машинақұрастыру саласы мен ауылшаруашылығы енді. Бізді тереңдетіп қайта өңдеу қызықтырып отыр. Тек, жүзеге асыру жолдарын ғана емес, технологиялық үрдісті бақылап, Солтүстік Қазақстанның ғылыми бағыттарымен танысқымыз келеді. Омбы облысы мен Солтүстік Қазақстан арасында 240 млн доллардың ауқымды тауар айналымы бар. Бұл көбіне агрокешендер мен машина құрастыру кәсіпорындарының тауарлары.

Солтүстік Қазақстан шекара бойлай орналасқан барлық көршілерімен оң қарым-қатынаста. Теріскей мұндай әріптестікті барлық бағытта нығайтуға күш салуда.

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі:


– Біздің Ресеймен арада көп келіссөздеріміз бар. Олардың барлығы дерлік жүзеге асуда. Жыл басталған 8 ай ішінде ол 31 пайызға артқан.

25 жыл – Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың бастамасы ғана. РФ Президенті Владимир Путин форумның қорытынды жиынында осылай деді.

Владимир Путин, РФ президенті:


–  Айта кетейін, РФ субьектылары мен ҚР облыстары арасында 400-ге жуық келісім бар. Форумда 2023 жылға дейінгі әріптестік үшін кешендік бағдарлама әзірледік. Бұл жұмыстарға тағы өзге өңірлерді тартпақ. Сауда-экономикалық және инвестициялық салаларға берілген басымдылық артып отыр.

Биылғы жылдың 8 айында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларды құрады. Көрші федерациядағы еліміздің тікелей инвестицияның жалпы өнім көлемі 3-млрдтан артық. Қос ел – тек стратегиялық серіктес қана емес, одақтастар. Жылдар бұрын таңдаған мұндай саяси қатынасты мемлекеттер әрі қарай да жалғастырулары тиіс. Әсіресе адам капиталын дамыту тақырыбында. Еңбек кадрлары мен ресурстарын дамытуға күш салу маңызды. Халықаралық стандарттар бойынша білім беру, техникалық мамандықтарда тегін оқыту, дуалды оқыту мен сандық жүйе. Мұның барлығын Қазақстан өз аумағында жүзеге асырды. Елбасының адам капиталын дамытуда енгізетін өзге де нақты жоспарлары бар.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті:


– Целесообразно проработать вопрос создания научных консорциумов ученых Казахстана и России по перспективным направлениям. В частности, по био-и информационным технологиям, энергетике, космосу и другим. Важно способствовать формированию в наших странах международных образовательных хабов. Для этого можно поработать над взаимодействием в области образовательных программ, в том числе открытых онлайн образовательных курсов.

Жиында өз ұсыныстарын білдіру мүмкіндігіне губернаторлар мен облыс әкімдері де ие болды. Шекарадағы аймақ басшылары орналасқан жерлерінің барлық ерекшеліктерін жақсы біледі. БҰл қатарда СҚО да бар.

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі:


– Қала мен ауылдың ерекшеліктерін ескере отырып, олардың арасындағы білім сапасының айырмашылығын қысқарту маңызды. Бұл мақсатта мұғалімдер кембридж бағдарламасы бойынша педагогикалық шеберлік орталығында біліктіліктерін арттырады. Өңірдің барлық мектептері кең жолақты интернетпен қамтылған, әлемдік білімге ене алатын мультимедиялық құрылғылармен қамтылған. Бұл тәсілдер ЖОО-на грантқа түсетін ауыл түлектерінің санын бір жарым есеге арттырды.

Жиын қорытынсында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кездесудің екі ел үшін де адам капиталының дамуына қарқын беріп жаңа жетістікерге жетелейтініне сенім білдірді. Бүгін айтылған жоспарлар қағазда бекітілді. Аймақаралық 30, үкіметаралық 10 келісім. Тағы, Мемлекет басшылары ек елдің дипломатиялық қарым-қатынастарының бастау алғанына 25 жыл толуы мәлімдемесіне қол қойды.

Жалпы 15-ші өңіраралық форум Петропавлда өтеді. Шара туризмді дамыту тақырыбын қамтымақ.

Акбопе Танирберген